17.01.2024, 13:14 50906

Қазақстан Ресей нарығында ет пен сүт сата алады

Қазақстандық өнімді экспорттаудағы кедергілерді жою жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүргізілуде
Қазақстан Ресей нарығында ет пен сүт сата алады
2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясы Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады. Шешім Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлері Айдарбек Сапаров пен Дмитрий Патрушев арасындағы желтоқсандағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде қабылданды, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстандық өнімді экспорттаудағы кедергілерді жою жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүргізілуде", - деді Айдарбек Сапаров. - "Бұл Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды қадам, қос ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға ықпал етеді", - деп атап өтті министр.


2022 жылдың қаңтарында Қарағанды облысында аусыл ауруының пайда болуына байланысты РФ-на қазақстандық өнімнің импорты шектелген болатын. Алайда, 2 жылдық үзілістен кейін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының вакцинациясымен ресми қолайлы аймақ мәртебесіне ие Қазақстанның аймақтарынан алынған мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге нарық ашылады. Қалған өңірлерде жұмыс жалғасады.

Келісім аясында Ресейге сиыр еті, қой еті, шошқа еті, сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ өзге де ет өнімдерін экспорттау қолжетімді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің ауылшаруашылық министрліктері "ЕАСУ" АЖ ақпараттық жүйелерін "Аргус-Фито" ФМАЖ және "Меркурий" (Россельхознадзор) ФМАЖ-мен интеграциялауды жоспарлауда. Бұл ветеринарлық-бақылау процедураларын жеңілдетуге және оңтайландыруға, қажетсіз кедергілерді жоюға, шекараларда бақылаудан өту уақытын автоматтандыруға және қысқартуға мүмкіндік бермек.

Айта кетерлігі, екі елдің тауар айналымының көлемі бірдей емес. Қазақстанның Ресейден тасымалданатын импорты экспорттан әлдеқайда артық. Сондықтан, Айдарбек Сапаров Ресей нарығына қазақстандық өнімді жеткізу көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажеттігін де айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны