29.03.2022, 17:51 14636

Қазақстанда қағаз тапшылығы болмайды - Өскенбаев

ИИДМ басшысының айтуынша, Қазақстанда қағаз кесу өндірісі жолға қойылған.
Қазақстанда қағаз тапшылығы болмайды - Өскенбаев
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 29 НАУРЫЗ - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы кеңсе қағазына қатысты жағдайға түсініктеме берді.
 

Қазақстанда тапшылық болмайды деп ойлаймын. Кеңсе қағазының негізгі жеткізушілері - Ресей Федерациясы (61%), содан кейін Түркия мен Қытай. Қажет болған жағдайда, біздің бизнес-құрылымдарымыз тез бағдарланады деп ойлаймын. Егер қандай да бір кедергілер туындаса, бізде қағазды жеткізу үшін балама маршруттар жеткілікті", - деді Қайырбек Өскенбаев.

 
ИИДМ басшысының айтуынша, Қазақстанда қағаз кесу өндірісі жолға қойылған.
 
Сонымен қатар, министр арнайы органдар Қазақстандағы кеңсе қағазына бағаның күрт өсу фактісі бойынша тексеру жүргізуі мүмкін деп болжады.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны