04.06.2024, 21:53 47996

Қазақстанда "Қаламқас-теңіз" және "Хазар" кен орындарын игеру бойынша мұнай-газ жобасы іске асырыла бастайды

Қаламқас-теңіз-Хазар" жобасының қатысушылары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (50%) және "ЛУКОЙЛ" ААҚ (50%) болып табылады. Жоба бойынша келісімдерге қол қойылды, және оны іске асыру мақсатында бірлескен кәсіпорын - жобаның операторы "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС құрылды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.


Ағымдағы жоспарларға сәйкес теңіз платформаларын салу жұмыстары 2026 жылы қазақстандық верфтерде басталады, бұл "Қаламқас-теңіз" кен орнында өндіруді мүмкіндігінше тезірек бастауға мүмкіндік береді.

Жобаға 6 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тарту жоспарлануда. Құрылыс кезеңінде 2000 жаңа жұмыс орны, ал пайдалану кезеңінде - 300 жұмыс орны құрылады. Құрылыс "Қаламқас-теңіз" кен орнында болат конструкциялардан теңіз платформаларын орнатудан басталады.

Бұл ауқымды жоба еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоба әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мамандарды даярлауға жол ашатынын, жаңа жұмыс орындарын құратынын және әлеуметтік-экономикалық дамуға қолайлы мультипликативтік әсерін тигізетінін атап өткен жөн.

Қаламқас-теңіз" кен орны Каспий теңізінің солтүстік-шығыс секторының орталық бөлігінде, жағадан 64 км қашықтықта орналасқан. Теңіздің тереңдігі мұнда 6-7 метрді құрайды. Кен орны ұзындығы шамамен 50 км және ені 6 км дейінгі ұзын және тар құрылым болып табылады. "Хазар" кен орны "Қаламқас-теңізден" оңтүстік-батысқа қарай 30 км және Бозашы түбегінен солтүстік-батысқа қарай 65 км қашықтықта орналасқан.


Кен орындары барлау жұмыстарынан өткен және Қазақстан Республикасының теңгеріміне қойылған расталған қорларға ие.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны