09.06.2022, 15:57 14571

Қазақстанда ЕАЭО елдері арасында жалақы өсімінің ең жоғары қарқыны байқалады

ЕЭК ақпаратынша, бірінші тоқсанда Қазақстанда номиналды орташа жалақы 285 433 теңге болды.
Қазақстанда ЕАЭО елдері арасында жалақы өсімінің ең жоғары қарқыны байқалады
НҰР-СҰЛТАН. 9 МАУСЫМ - Осы жылдың I тоқсанында орташа айлық номиналды еңбекақы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде көтерілді, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.
 
Оның мөлшері Қырғызстанда 21 мың сомнан (234 доллар) Ресейде 60 мың рубльге (709 доллар) дейін құрады.
 
Номиналды және нақты жалақы бойынша ең жоғары өсім Қазақстанда тіркеліп отыр – тиісінше 123,7% және 112,7%. Екінші орында – Беларусь (117,1% және 104,5%).
 
ЕЭК ақпаратынша, бірінші тоқсанда Қазақстанда номиналды орташа жалақы 285 433 теңге болды.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны