16.08.2022, 16:52 32206

Қазақстанда электр энергиясын өндірудің шекті тарифтері 10-12%-ға өседі

Қазақстанда электр энергиясын өндірудің шекті тарифтері 10-12%-ға өседі
НҰР-СҰЛТАН. 16 ТАМЫЗ - Қазақстанда электр энергиясын өндірудің шекті тарифтері қайта қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 10-12% деңгейінде болжануда. Энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің қазіргі деңгейі шығындарды толық көлемде өтемейді", - деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

 
Шекті тариф жобасында сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде станция персоналының жалақысын көтеру мәселесі қарастырылған.
 
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, осыған байланысты топтар бойынша шекті тарифтерді түзету жүзеге асырылды. Энергия өндіруші 47 ұйымның 26-сынан өтінім берілді. Оларды қарау кезінде әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Уақытылы шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды.
 
Тарифтерді түзету 2022 жылғы 30 маусымда жүргізілді. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілді. Бұл ретте Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің батыс аймағынан басқа Қазақстанның барлық өңірлері бойынша электр энергиясын өткізетін Екібастұз ГРЭС-1-нің шекті тарифі өзгеріссіз қалды. 47 энергия өндіруші ұйымның 21 энергия өндіруші ұйымы бойынша тариф бұрынғы деңгейде сақталды. 
 

Шекті тарифтерді қайта қарау станция қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді, себебі соңғы уақытта жалақының төмен болуына, қымбатшылыққа қатысты шағымдар көп болды. Біз осының бәрін түсінеміз, сондықтан тарифтерді түзету энергетикалық сектордың ахуалына оң әсер етеді деп үміттенеміз", - деді спикер.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны