01.11.2024, 14:17 70691

Қазақстандағы инфляция 2024 жылғы қазанда үдеп, бір жылда 8,5% құрады

Қазақстандағы инфляция 2024 жылғы қазанда үдеп, бір жылда 8,5% құрады
Қазақстан Республикасындағы инфляция 2024 жылғы қазанда үдеп, бір жылда 8,5% (2024 жылғы қыркүйекте - 8,3%), бір айда - 0,9% құрады (өткен айда - 0,4%), деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.

Өткен жылғы қазанмен салыстырғанда тарифтер суық суға - 60,3%, орталықтан жылытуға - 33,6%, су бұруға - 26,9%, электр энергиясына - 22,9%, ыстық суға - 18,1%, қоқыс шығаруға - 16,3%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 11,6% өсті.

Тұрғын үйді жалға алу төлемі 9,9% өсті. Баға байланыс қызметтеріне - 17,4%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне - 16,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне - 11,9%, салт-жора қызметтеріне - 11,6%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 11,4%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне - 10,8%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге - 10,7%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 8,8% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру - 23,7%, жолаушылар әуе көлігімен - 16,4%, қалалық автобуспен - 11,8%, таксимен 10,6% қымбаттады.

Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына - 42,1%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге - 35,3%, фармацевтикалық өнімдерге - 11%, киім және аяқ киімге - 10,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 9,8%, жеке қолданылатын тауарларға - 7,3%, құрылыс материалдарына 6,3% өсті. Ағаш - 14,8%, сұйытылған газ баллондағы - 9%, тас көмір 8,5% қымбаттады.

Бағаның өсуі қиярларға - 27,6%, қызанақтарға - 27%, темекі өнімдеріне - 15,8%, минералды және ауыз суға - 14,1%, картопқа - 13,9%, кондитерлік өнімдерге - 12,6%, салқындатылған сусындарға - 11,4%, жеміс және көкөніс шырындарға - 10,4%, жұмыртқаға 9,4% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына - 21,9%, ақ қауданды қырыққабатқа - 20,8%, сәбізге - 16,2%, күнбағыс майына 9,2% байқалды.

Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы қазанда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары - Астана қаласында (10,2%), Маңғыстау облысында (9,7%), Алматы қаласында және Батыс Қазақстан облысында (9,4%-дан).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны