23.12.2024, 11:07 4216

Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешу бойынша ботқа 8 мыңға жуық өтінім келіп түсті

Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешу бойынша ботқа 8 мыңға жуық өтінім келіп түсті
Қазақстанда ағымдағы жылдың шілде айында азаматтарға экология саласындағы проблемалар туралы хабарлауға және оларды шешуге қатысуға мүмкіндік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасы іске қосылды. Осылайша, бір жыл ішінде чат-бот арқылы 7 929 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Олардың ішінде 7 061 өтінім орындалды, 168-і орындалу сатысында, 23-і өңделуде және 674 өтінім жойылды.

Олардың арасында ең жиі келіп түскен өтінімдер: аумақтарды тазалау - 2 142 өтінім, тұрмыстық қоқысты шығару - 668 өтінім, көшелерді абаттандыру - 648 өтінім, жолдарды жөндеу бойынша - 595 өтінім.

Өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр - 2 014 өтінім. Одан кейінгі орында Астана тұр - 1 587 өтінім. Үшінші орында Қарағанды облысы - 757 өтінім.

Чат-бот экологиялық мәселелерді жедел шешуге ықпал ете отырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтың тиімді құралына айналды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны