03.01.2024, 14:26 61286

Қазақстанда желтоқсан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8% құрады

Қазақстанда желтоқсан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8% құрады
Сурет: Depositphotos
2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда баяулады және 9,8% (2023 жылғы қарашада - 10,3%), бір айда - 0,8% (өткен айда - 1%) құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросынан.

Баға азық-түлік тауарларға бір жылда - 8,5% (2023 жылғы қарашада - 9,2%), азық-түлік емес тауарларға - 9,1% (2023 жылғы қарашада - 9,9%), ақылы қызметтерге 12,4% (2023 жылғы қарашада - 12%) өсті.

Өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның өсуі күрішке - 34,3%, минералды және ауыз суға - 18,4%, консервіленген сүтке - 16,9%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге - 15,6%, майлылығы 2,5% айранға, жұмыртқаға - 13,4%-дан, сары майға - 13,3%, пастерленген сүтке, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге - 12,8%-дан, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге - 12,3%, балық және теңіз өнімдерге - 12,1%, кондитерлік өнімдерге 10,7% тіркелді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына - 22,6%, күнбағыс майына - 18%, құмшекерге 15,8% байқалды.

Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға - 12,4%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 11,8%, ыдысқа - 11,4%, киім және аяқ киімге - 11,3%, фармацевтикалық өнімдерге - 10,4%, құрылыс материалдарына 7,3% өсті. Дизель отыны - 15,2%, бензин - 13,7%, сұйытылған газ баллондағы - 13,6%, тас көмір 10,7% қымбаттады.

Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне - 16,8%, санаторийлер қызметтеріне - 15,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 13,6%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге - 13,5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне - 12,8%, білім беру қызметтеріне - 9,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 8% жоғарылады. Таксимен жол жүру - 9,1%, қалалық автобуспен - 8,9%, қалааралық автобуспен - 8,8%, жолаушылар әуе көлігімен - 8,6%, теміржол көлігімен 7,3% қымбаттады.

Тарифтер қоқыс шығаруға - 33,2%, су бұруға - 28,8%, орталықтан жылытуға - 26,1%, ыстық суға - 23,4%, суық суға - 22%, электр энергиясына - 19,9%, тұрғын үйді күтіп ұстауға 7% өсті.

Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы желтоқсанда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын тоғыз өңірлерде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағандыда (11,1%), Ақмола (10,7%), Маңғыстау (10,6%) облысында.

Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (3,3 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,8 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ).

Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға - 10,8%, ет және ет өнімдеріне 7% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,8 және 0,9 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға жұмыртқалар - 13,4%, алкоголсіз сусындар 11,4% қымбаттауы және 0,2 пайыздық тармақтан, сүт өнімдері (11,2%) - 0,4 пайыздық тармақ, жемістер мен көкөністер (9,5%) - 0,5 пайыздық тармақ үлес қосты.

ТКШ қызметтері бір жылда 13,9% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,8 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы желтоқсанда орталықтан жылыту өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 26,1% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақ, электрэнергия (19,9%) - 0,4 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (8,6%) - 0,2 пайыздық тармақ үлес қосты.

Бір айда азық-түлік тауарлар бағасының деңгейі 0,9%, ақылы қызметтерге - 0,8%, азық-түлік емес тауарларға - 0,5% өсті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны