25.06.2024, 12:48 38156

ҚазМұнайГаз жыл басынан бері Каспий құбыр консорциум жүйесі арқылы 3,5 млн тоннадан астам мұнай тасымалдады

ҚазМұнайГаз жыл басынан бері Каспий құбыр консорциум жүйесі арқылы 3,5 млн тоннадан астам мұнай тасымалдады
2024 жылдың бірінші тоқсанында Каспий құбыр консорциум жүйесі арқылы 3,57 млн тонна ҚазМұнайГаз мұнайы тасымалданды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда (3,39 млн тонна) тасымалданған мұнай көлемі 5,3%-ға өсті.

Еске сала кетсек, Каспий құбыр консорциумындағы ҚазМұнайГаздың үлесі 20,75% құрайды.

2023 жылы КҚК мұнай тасымалдау көлемі бойынша 63,5 млн тонна - рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін атап өткен жөн.

Жалпы, 2024 жылы бірінші тоқсанда КҚК арқылы 17 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды, яғни былтырғы бірінші тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда (16,3 млн тонна) 5%-ға жоғары.

Толығырақ ҚМГ-ның 2024 жылдың бірінші тоқсандағы өндірістік көрсеткіштері туралы баспасөз хабарламасынан оқи аласыздар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны