05.12.2008, 16:59 6261

Биоотын өндірісі экономиканың жаңа түрі - биоэкономиканың туындауына алып келеді - ҚР АШМ

Биоотын өндірісі экономиканың жаңа түрі - биоэкономиканың туындауына алып келеді - ҚР АШМ

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Биоотын өндірісі экономиканың жаңа түрі - биоэкономиканың туындауына алып келеді. Бұл туралы "КазАгро -Инновация" ААҚ астық және өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтының атқарушы директоры Бейсен Дөненов бүгін парламент мәжілісінде "Жаңа буынды биоотын" деген тақырыптағы баяндамасында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Илемдік азық-түлік нарығындағы дағдарыс, биоотын өндіру бойынша жаңа буынды технологияларды шығару мен және енгізуді ынталандырды. Бұл жаңалықтар азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге жол ашады, одан басқа осындай технологияларды қолданатын өндірістің ашылуы, Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерді қайта өңдеу барысында азық-түлік өнімдері түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді.

Биоотын өндірісі азық-түлік мәдениет үшін егіс алаңдарының қысқартуға және азық-түлік қауіпсіздігінің қаупін туғызуына әкеп соғады деген пікір бар. Іс жүзінде, жаңа буынды биоотынды өндіру технологиялардың қолданылуы, азық-түлік мәдениет өндірісінің және мал шаруашылығының өсуіне орасан зор ынта береді. Өйткені жаңа буынды биоотын өндіру технологиялары, алдымен тамақ және азық мақсатында қолдану үшін барлық пайдалы тамақ өнімдерін алып тастауға, ал кейін қайта өңдеудің қалдықтарынан ғана биоотынды өндіруге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде агроөнеркәсіптік кешеннің жоғарғы деңгейде индустриялануына алып келеді.

Осылай, биоотын индустриясын дамыту прогрессі, азық-түліктік дақылдар үшін егіс алаңдарының қысқаруын туғызбайды, керісінше азық-түлік бағыттағы өнімдердің шығарылу көлемін өсіруге мүмкіндік береді және АӨК қарқынды дамуының қуатты ынта болады.

Қазіргі технологиялар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірінші және екінші қайта өңдеудің қалдықтарынан биоотынды өндіруге мүмкіндік береді. Биоотынды өндіру үшін шикізат ретінде азық-түлік мақсатта қолдануға келмейтін өсімдік биомассаны, сабанды, мал және өсімдік майларының қалдықтарын, мал шаруашылық комплекстердің екіншілік қалдықтарын, қалалық және тұрмыстық қалдықтарды қолдануға болады",- деді баяндамашы.

Сонымен бірге ол көптеген елдерде биоотын саласының дамуы бірқатар салық преференцияларымен ынталандырады. Қолжеткізер ауыл шаруашылық қалдықтарынан өндірілген екінші буынды биоотын жылына 3,8 млрд. литрді құрап, мұнай импортын 5% қысқартуға және жылына 350 млн. доллар табыс әкелуге, 40 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, фермерлер сабақ пен сабанды сату барысында қосымша табыс табады, бағасы бір тоннаға 30 доллар болғанда, табыстың мөлшері әр гектар үшін 150 долларды құрайды. АҚШ-та құрамында биоотыны бар бензин өндірушілер үшін бір литр биоэтанолға 13 центтер, бір литр биодизельге 25 центтер және де қолданылған өсімдік майынан өндірілген биодизельге 13 центтер көлемінде салық преференциялар қарастырылған.

Биоотындық бағыттағы прогресс бүгінгі күні өндіретін өнімдердің түрлерін көбейтуге мүмкіндік берді. Осындай өнімдерге дәстүрлі емес экологиялық таза отын түрлерін (жоғары қату температураға (-550 С) ие жоғары тазалықты авиакеросин, биобутанол) және тағы басқа қайта жандырмайтын қайнаркөз шикізатынан өндірілетін мұнайхимиялық өнімдерді жатқызуға болады. Сөйтіп, әлемде биоиндустрия қалыптасуда, ол өз алдымен экономиканың жаңа түрі - биоэкономиканың туындауына алып келеді. Осыған байланысты биоотын саласының дамуы жалпы мемлекеттік міндет боп табылады. Ол тек ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеті ғана емес, сонымен қатар басқа да министрліктердің, соның ішінде Индустрия және сауда министрлігінің, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қатысуын талап етеді",- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны