20.11.2024, 14:41 3131

2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін

2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен.

Мәжіліс Оқу ағарту министрлігі бастамашы болған білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Заң кәсіби қабылдаушы отбасылар қызметінің құқықтық негіздерін, осы саладағы құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық саласындағы кәсіби қабылдаушы отбасылар мен уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін анықтайды.

Депутаттардың бастамасымен осы заңға 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдарды лицензиялау тәртібін енгізілді.

Сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдары (үйірмелер, секциялар және т.б.) үшін қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама тәртібі белгіленеді. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда онлайн оқыту нысаны мен академиялық ұтқырлық қағидаты, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан мектептердегі әлеуметтік жағынан осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету тетіктері қарастырылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны