17.09.2024, 14:35 5746

Бірінші жартыжылдықта курорттық аймақтарға барушылар саны 11,2% өсті

Бірінші жартыжылдықта курорттық аймақтарға барушылар саны 11,2% өсті, деп хабарлайды Qazstat.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның курорттық аймақтарына барушылардың саны артты, өсім - 11,2%. Биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында еліміздің курорттық аймақтары 1,8 млн барушыны қабылдады.

Барушылар саны Алматы тау кластерінде болған - 1,2 млн турист. Одан кейінгі орындарда 185 мың адам барған Маңғыстау курорттық аймағы мен 143 мың барушы болған Щучье-Бурабай курорттық аймағы. Барушылардың ең аз саны Байқоңыр туристік аймағында - 172 барушы.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, кейбір курорттық аймақтарға барушылар санының айтарлықтай өсуі байқалады. Мысалы, Катонқарағай курорттық аймағына барушылар 2,1 есе, Қарқаралы курорттық аймағына - 81,6%, Байқоңыр туристік аймағына - 52,2% өскен. Ұлан және Зеренді курорттық аймақтары бойынша керісінше, былтырғы кезеңмен салыстырғанда барушылар саны азайған.

Жалпы, Қазақстанда отандық және шетелдік туристерді қабылдайтын 19 курорттық-туристік аймақ бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны