01.02.2023, 11:47 17521

Экология экс-министрі Брекешев ҚМГ төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

Ол газ жобаларын дамытуға жетекшілік етеді
Экология экс-министрі Брекешев ҚМГ төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды
Сурет: ortcom.kz
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бұрынғы экология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры.

Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол газ жобаларын дамытуға жетекшілік етеді.

Еске салсақ, С. Брекешев 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.

Әр жылдары Техникалық саясат департаментінің директоры, "ҚазТрансГаз" АҚ-да ресурстық базаны және техникалық саясатты дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары;

ҚР Мұнай және газ министрлігінде газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры;

Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да және "Қарақұдықмұнай" ЖАҚ-да инженерлік-техникалық позицияларды иеленді.


Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Атырау политехникалық институтын "мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне Зүлфия Сүлейменова тағайындалды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны