24.06.2024, 21:25 40101

Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында биыл 9,6 трлн теңге инвестиция тартылады

Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында биыл 9,6 трлн теңге инвестиция тартылады, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Премьер-Министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан экономикасы тұрақты түрде дамып келе жатыр.

Экономиканың барлық дерлік саласында өсім байқалғанымен, кейбірінде өсу қарқыны төмен болып отыр. Оның себебі - елімізде орын алған су тасқынының салдарынан бірқатар өңірде сауда, көлік, құрылыс салаларының өсу деңгейі баяулады. Себебі, жолдар бұзылды, логистика қызметіне зардабы тиді. Жалпы, соның есебінен сауда-саттық баяулады, жүктерді жеткізу процесі баяулап, кейбір аймақтарда құрылыс саласы да тұрып қалды.

Қазіргі біздің жүргізіп отырған экономикалық саясатымыздың басты мақсаты - экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өсу қарқынын арттыру. Ол үшін Үкімет нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар бойынша экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында биыл 9,6 трлн теңге инвестиция тартылатын болады. Оның ішінде 7 трлн теңгесі бюджеттік емес көздерден тартылады, ол - жеке инвестициялар, квазимемлекеттік холдингтердің, ұлттық холдингтердің инвестициялары және шетелдік инвестициялар. Сондай-ақ отандық банктер мен қаржы ұйымдарының инвестициялары бар", - деді вице-премьер.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны