13.04.2021, 20:31 12236

ҰЭМ басшысы Тоқаевтың алдында ШОБ қолдау жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді

Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді.
НҰР-СҰЛТАН. 13 СӘУІР - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мемлекет басшысының алдында биылғы І тоқсандағы еліміздің экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары, Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарының іске асырылуы туралы есеп берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Президентке экономиканың нақты секторындағы ахуал және жалпы ішкі өнімге қатысты болжамдар жөнінде баяндалды. Әсет Ерғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ортамерзімді перспективадағы экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолдарын ұсынды.
 

Сонымен қатар, министр шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Президент тапсырмасының орындалуы туралы баяндады", - деді Ақорданың баспасөз қызметінде.

 
Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді.
 
Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрге бюджет саясатының тиімділігін арттыруға, өңірлік саясатты жетілдіруге және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
 
Естеріңізге сала кетейік, коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан зардап шеккен экономика секторларында шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны