07.12.2023, 11:24 42696

Ірі сауда желілері бірінші санаттағы жұмыртқаларға арналған сауда үстемесін төмендетеді

Ірі сауда желілері бірінші санаттағы жұмыртқаларға арналған сауда үстемесін төмендетеді
Ірі сауда желілері бірінші санаттағы жұмыртқаларға арналған сауда үстемесін төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті "Magnum Cash & Carry" ЖШС-мен және "Скиф Трейд" (Small) ЖШС-мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша, атап айтқанда бірінші санаттағы (С1) жұмыртқа бағасының маусымдық ауытқуына жол бермеу бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сауда комитетімен жасалған келісім аясында Magnum Cash & Carry және Small басшылығы заңмен рұқсат етілген бірінші санаттағы жұмыртқалар үшін қолданыстағы 15% орнына 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін 10% сауда үстемесін белгілеу туралы шешім қабылдады. Ал жұмыртқалардың басқа санаттарына (таңдаулы және екінші) Magnum Cash & Carry сауда желісі жаңа жыл қарсаңында көрсетілетін қызметтер үшін түрлі сыйақылар (тауарды жарнамалау және жылжыту, арнайы көрсету және т.б.) алмайтын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны