23.11.2023, 15:40 53116

Үкімет 1,5 трлн теңге көлеміндегі БЖЗҚ қаражатын ірі жобаларға инвестициялауды жоспарлауда

Үкіметтің борыштық міндеттемелерін орындау аясында қаржы қайтарылатын болады
Үкімет 1,5 трлн теңге көлеміндегі БЖЗҚ қаражатын ірі жобаларға инвестициялауды жоспарлауда
Сурет: Depositphotos
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға БЖЗҚ-дан қаражат бөлу мүмкіндігі туралы пікірін айтты. Аталған сұраққа Үкімет басшысы ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін өткен брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Премьер-Министрдің айтуынша, БЖЗҚ-ның негізгі міндеті - қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің сақталуын және арттыра түсуін қамтамасыз ету. Ол үшін тиісті инвестициялық стратегия қабылданды.

Салымшылардың активтерін кіріс әкелетін қандай да бір құралдарға қаражат салу арқылы көбейтуге болады. Бұл ретте процесті нарықтық мөлшерлемелер бойынша және қайтарымды негізде орындауға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта Үкімет қаржыландыруды қажет ететін индустрияландыру, көлік, инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды қарастыруда. Біз әртүрлі көздерді, соның ішінде БЖЗҚ қаражатын да қарастырып отырмыз", - деді Әлихан Смайылов.


Үкімет басшысы бұл мәселе бұрын Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда талқыланып, қолдау тапқанын айтты. Әңгіме 1,5 трлн теңге туралы болып отыр.

Қазіргі уақытта біз Ұлттық банкпен бірлесіп, қаражат тарту шарттары бойынша мәселелерді пысықтап жатырмыз. Үкіметтің борыштық міндеттемелерін орындау аясында қаржы қайтарылатын болады", - деді Премьер-Министр.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны