18.02.2022, 18:02 26496

Мемлекет 400 млрд теңгеге тауарларды отандық өндірушілерден сатып алады

400 млрд теңгеге жуық 10 мың тауар позициясы отандық өндірушілерден сатып алынады.
Мемлекет 400 млрд теңгеге тауарларды отандық өндірушілерден сатып алады
НҰР-СҰЛТАН. 18 АҚПАН - 400 млрд теңгеге жуық 10 мың тауар позициясы отандық өндірушілерден сатып алынады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов "Атамекен" ҰКП ІХ съезінде осы мәселені көтерді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әлихан Смайыловтың айтуынша, ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп Сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәртібінің жобасын әзірледі. Бұл олардың ашықтығын арттыруға бағытталған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады. Сондай-ақ аталған механизм жергілікті өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға, сатып алу процесін оңайлатуға және бизнес кедергілерді жоюға бағытталған, соның нәтижесінде 10 мың ШОБ субъектісіне көмек көрсетіледі.
 

Отандық тауар өндірушілерден 400 млрд теңгеге 10 мыңға жуық тауар позициясы сатып алынады. Бұдан өзге, заң жүзінде ашықтықты арттырып, жер қойнауын пайдалану құқығын беру және келісімшарттар талаптарын өзгерту рәсімдерін жеңілдету жоспарланып отыр", - деді министрлер кабинетінің басшысы.

 
Премьер-Министр бизнесті қолдау, инвестициялық ахуал мен бизнес-ортаны жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударды. Аталған бағыттар аясында бүгінгі таңда мемлекет салықтық ынталандырулар ұсынды, кәсіпкерлік субъектілерінің облигацияларын кепілдендіру құралдары әзірленді, моно-, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде жеңілдікті микрокредиттеу ұсынылуда. 
 
Одан әрі дамыту шеңберінде жаңадан құрылған Отандық кәсіпкерлер кеңесімен бірлесіп, инвестициялық ахуал мен бизнес-ортаны жақсарту жөніндегі шаралар іске асырылатын болады. Сонымен қатар жеке инвестицияларға баса көңіл бөлінетін Инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. 
 
Сондай-ақ ол мемлекеттің жеке меншік институттың беріктігіне және заң үстемдігіне кепілдік беруінің, сондай-ақ бизнеске инфрақұрылымды тең қолжетімді етуінің маңыздылығын атап өтті. 
 
Әлихан Смайыловтың айтуынша, алдағы уақытта Үкімет жұмысы өңірлердегі шағын және орта бизнеске басымдық бере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны