12.01.2024, 17:25 50381

Qarmet басшылығы Костенко атындағы шахтада өндірісті қайта жандандыруға тыйым салды

Qarmet басшылығы Костенко атындағы шахтада өндірісті қайта жандандыруға тыйым салды
Qarmet компаниясының басшылығы өткен жылдың қазан айында 46 адам қаза тапқан Костенко шахтасындағы қазіргі жағдайды зерттеп, қайғылы жағдайдың қайталану қаупін болдырмау үшін өндірісті қайта жандандыруға тыйым салды.

Шахтаның қазіргі жағдаймен танысу үшін Qarmet тобы апат болған аймаққа жақын 600 метрден астам тереңдікке дейін түсіп сол маңайдың жай-күйін көзбен көрді.

Шахта директоры Андрей Бойко нысанда жүргізілген тексерулердің қорытындыларын, болған жағдайдың себептері мен салдарын жою бойынша жоспарланған жұмыстарды, көмір өндіруді қайта жандандырудың келешегі туралы баяндады", деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметінен.


Андрей Лаврентьев пен Вадим Басиннің атынан Qarmet басшылығы жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Алайда трагедияның қайталану ықтималдығы әбден жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды. Көмір департаментінің инженерлері үшін тиісті жұмысты орындауға барлық қажетті жағдай жасалып отырғандығын басшылық тарапы атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны