20.07.2023, 16:37 33306

Ресейден Қазақстанға жол битумын жеткізу көлемі жылына 100-ден 300 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Ресейден Қазақстанға жол битумын жеткізу көлемі жылына 100-ден 300 мың тоннаға дейін ұлғайтылды
Сурет: Depositphotos
2023 жылғы 19 шілдеде Мәскеуде ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтің Ресей Федерациясы Энергетика министрінің орынбасары Павел Сорокинмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Gov.kz.

Кездесу барысында екі елдің энергетикалық ведомстволары арасында Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізімін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізімін бекіту туралы Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігі арасындағы 2019 жылғы 6 мамырдағы Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Хаттамаға қол қоюдың мақсаты Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жылына 100-ден 300 мың тоннаға дейінгі жол битумын жеткізуді ұлғайту болып табылады. Қол жеткізілген уағдаластықтарды тараптар хаттамаға қол қойылған күннен бастап қолданады.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар екі елдің мұнай саласындағы өзара ынтымақтастығы мәселелерін қосымша талқылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны