05.09.2023, 10:38 54906

S&P Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

S&P Қазақстан экономикасының 2023-2026 жылдары 4% деңгейінде өсуін болжайды
S&P Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
Сурет: Depositphotos
Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлар - ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы теңгерімдері. Бұл ретте таза мемлекеттік қарыз төмен деңгейде, ал елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы күйзелістерден қорғауды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

S&P өз есебінде елдің фискалдық және сыртқы баланстары тәуекелдерді басқару үшін жеткілікті екендігін атап көрсеткен.

Агенттік сарапшыларының пікірінше, шоғырландырылған бюджет тапшылығы 2023-2026 жылдар кезеңінде орта есеппен ЖІӨ-ден (жалпы ішкі өнім) 1,6%-ға дейін қысқарады. Мемлекеттік кірістердің өсуіне салық саясаты мен әкімшілендіруді реформалау жөніндегі шаралар ықпал ететін болады.

 Сондай-ақ сарапшылар ҚР Үкіметі жүргізіп жатқан тиімді макроэкономикалық саясатты атап өтті. Нақтылай айтқанда, Үкіметтің макроэкономикалық саясаты инвестициялық бағдарламалар арқылы экономиканы әртараптандыруға, мемлекеттің қатысуын қысқартуға, бәсекелестікті дамытуға, салық саясатын жетілдіруге бағытталған.

Жалпы, S&P Қазақстан экономикасының 2023-2026 жылдары 4% деңгейінде өсуін болжайды.

ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде дербес рейтингті сақтау бойынша қарқынды жұмысты жалғастырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны