12.07.2021, 22:29 7147

Алматыда жалған вакцинация паспорттарын сатқаны үшін бірнеше медицина қызметкері ұсталды

АЛМАТЫ. 12 ШІЛДЕ - Алматыдағы үш медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР нәтижелері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Екі жағдайда екі жеке медициналық орталықтың "Достар Мед" және "Сұңқар" қызметкерлері жалған құжаттар жасағаны үшін ұсталды, сондай-ақ, №4 поликлиникада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспорттарын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойып жібергені анықталды. Бірінші жағдайда, клиникадағы зертхана қызметкері орталықтың екі мейірбикесінің көмегімен ақшалай сыйақы үшін теріс нәтижемен биоматериалды сынамасыз ПТР тестін ұйымдастырды", - деп хабарлады қалалық криминалдық полиция басқармасында.

 

Біраз уақыттан кейін - "Сұңқар" медициналық орталығының эндоскопист-дәрігер ұсталды, ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР тестілерінің нәтижелері, сондай-ақ, ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сонымен қатар, №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеумен айналысқанын мойындады. Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 385 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасуда", - деп қорытындылады қалалық криминалдық полиция басқармасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны