06.07.2022, 16:13 24876

ҚР ҰҚК қырғыз қауіпсіздік күштерімен бірлесіп халықаралық есірткі синдикатын жойды

ҚР ҰҚК қырғыз қауіпсіздік күштерімен бірлесіп халықаралық есірткі синдикатын жойды
Сурет: ҚР ҰҚК
АЛМАТЫ. 6 ШІЛДЕ - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау органдарымен бірлесе іс-әрекет етіп, Орталық Азия елдеріне арналған заңсыз есірткі өндірісімен айналысатын халықаралық есірткі синдикатының жолын кесу бойынша арнайы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Көп кезеңді жедел іс-шаралар шеңберінде 2022 жылғы 2-3 маусымда Алматы қаласында "альфа-PVP" есірткі затының 17.7 келісін тасымалдау және сақтау кезінде есірткі қылмысына қатысты топтың 4 көмекшісі ұсталды. Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша психотроптық заттарды өндіретін жерасты зертхана табылды", - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

 
Есірткі контрабандалық жолмен Қырғызстанға жіберуге, сондай-ақ Шымкент және Өскемен қалаларында сатуға арналған болып шықты.
 
Қылмыстық топтың байланыстарын жою үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ІІМ-мен өзара іс-қимылды іске асырды.
 
Нәтижесінде, 2022 жылғы 5 маусымда Бішкек қаласында жасырын жерден 3 келі есірткі затын алу кезінде Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды.
 

Арнайы операцияның соңғы кезеңі Өскемен және Шымкент қалаларындағы бірмезгілде 3 есірткі курьерінің ұсталуымен аяқталды. Оларды тексеру барысында 2 келі есірткі табылды. Жалпы терроризмге қарсы операция барысында есірткі қылмысына қатысы бар 10 адам ұсталып, ірі есірткі лабораториясының жұмысы тоқтатылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 22.7 келіні құрады (68 мың "бір реттік дозаға" тең)", - деді қауіпсіздік күштері.

 
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі іс-шаралар өтуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны