02.09.2021, 19:03 14576

Алматыда арнайы операция барысында облыс тұрғынынан 8 бірлік қару мен оқ-дәрі тәркіленді

АЛМАТЫ. 2 ҚЫРКҮЙЕК - Алматы полициясы қару-жарақ арсеналын тәркілеу бойынша арнайы іс-шара жүргізді.
 
Күдіктіні ұстауды Криминалдық полиция қызметкерлері Алматы қаласындағы ҰҚКД әріптестерінің көмегімен жүргізді.
 

Күдікті – 1975 жылы туған Д.есімді азаматтың көлігі Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында ұсталды. Тергеу сотының рұқсатымен көлік құралын және жеке айыпталушыны тінту кезінде патрондары бар екі тапанша табылды және тәркіленді. Алматы облысы Талғар ауданындағы Д. есімді азаматтың тұрғылықты жеріндегі құпия орнынан тағы алты қару, оның ішінде 12 калибрлі Винчестер, граната және 60 патрон табылды. Қару тиесілігін, шығуын, сондай-ақ, қандай да бір қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін тәркіленді және сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

 
 
Баяндамашының айтуынша, күдіктінің үйінен ұнтақ зат салынған төрт бума табылды. Сонымен қатар, медициналық сараптама күдіктінің ұсталған кезде есірткіге мас болғанын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
 

Д. есімді азамат ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізілуде", – деп қорытындылады Науатов.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бес өңірінде арнайы операция барысында ҰҚТ-ның 28 қатысушысы ұсталды. Тінту кезінде 53 нысаннан қару-жарақ пен оның оқ-дәрілері алынды, сондай-ақ бақылауға арналған арнайы техника табылды.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны