17.08.2023, 20:00 13906

"Қазақстан" шахтасында 222 қызметкер жер бетіне көтерілді

"Қазақстан" шахтасында 222 қызметкер жер бетіне көтерілді
Сурет: gov.kz
Жер астында өрт болған "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында 222 қызметкер жер бетіне шығарылды. Бес адамды іздестіру жалғасуда, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бастапқы ақпарат бойынша, апат орнында дәрігерлерге 13 адам жүгінген. Олар бас ауруы, жөтелге шағымдануда. Қазіргі уақытта төртеуі ауруханаға жатқызылды: екеуі Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі Облыстық медициналық орталыққа.

 Хабарланғандай, 17 тамызда сағат 10:05 Д6 (көкжиек - 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенуі орын алды. Апатты жою жоспары енгізілді. Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болған. Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді. Оқиға орнында "КӘАҚҚ" РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталады.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқиға орнында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны