20.05.2024, 11:41 58296

Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді

Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді
Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см-ге көтерілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Осыған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді.

Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді.

Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте: Сарышаған, Қарақұм, Балқаш және Мыңарал бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны