27.05.2021, 23:58 16362
Бас прокуратура: адам саудасына байланысты қылмыс 2 есе өсті
Достарға айту
Шалабаев хабарлағандай, 2021 жылы адам саудасына байланысты 68 қылмыс тіркелген.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Жоғары жасырындылықты түсіне отырып, біз полиция назарын адамдар трафигі үшін "қолайлы" жерлерде рейдтік іс-шараларды жандандыруға аударамыз. Бұл негізінен жезөкшелікпен айналысуға арналған орындар. Бұдан басқа, шалғай орналасқан шаруашылықтар, жайылымдық жерлер, қыстаулар назардан тыс қалмайды", - деп мәлімдеді Серік Шалабаев.
Сондай-ақ, ол адам саудасына қарсы тұруда азаматтардың қырағылығы маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Қаскүнемдер жастарды шетелде жоғары ақы төленетін жұмысқа орналастыру туралы уәделермен азғыратын жағдайлар болады. Нәтижесінде олар шет елде тұзаққа түседі.
Бұған дейін Шалабаев баланың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы уақытылы хабарламаған мұғалімдерге, тәрбиешілерге, дәрігерлерге қатысты 26 іс қозғалғанын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.02.2025, 15:01 14211
Жамбыл облысында жол апатынан полицей қаза тапты
Достарға айту
Жамбыл облысы ПД қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
11 ақпан күні сағат 19:40-та "Алматы-Ташкент" автожолының 203-шақырымында "Volkswagen Passat" маркалы автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлікпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақаттарымен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпан күні аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпір ішкі істер органдарында 2017 жылдың 14 желтоқсанынан бері қызмет атқарған, ал қазіргі қызметіне 2025 жылдың 6 ақпанында тағайындалған. Қызмет еткен жылдары ішінде 9 мәрте марапатталған.
Жамбыл облысы Полиция департаменті марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:13 32551
Жамбыл ауданында орын алған жол апатынан біреуі жарақаттанып, үш адам қайтыс болды
Достарға айту
Жамбыл ауданында орын алған жол апатынан біреуі жарақаттанып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алматы облысының полициясының баспасөз қызметінен.
4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 10:02 36201
Қарағанды облысында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті
Достарға айту
Қарағанды- Сұрыптау станциясында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 1 ақпан сағат 15:30-да Қарағанды- Сұрыптау станциясында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала себеп - Өзбекстаннан келген компания иесі болып табылатын вагонның бүйір жақтауының сынуы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2025, 08:11 48056
Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды
Достарға айту
Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бүгін Павлодар қаласының Орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мұздың астына құлап кеткен адамды көрді.
Құтқарушылар көмекке асықты. Олар 1994 жылы туған айелді жедел түрде судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны жедел жәрдем қызметерлеріне тапсырды. Белгілі болғандай, ол сүретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз шыдамаған соң суға түсіп кеткен.
Құтқарушы Данил Соловей мұзға шығуға тыйым салынғанын еске салады. Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары, ауа райына байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз. Мұзға шықпауды өтінеміз. Өзіңізге және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 11:44 60171
Алматыда зауыт ғимараты өртенді
Достарға айту
Алматыда зауыт ғимараты өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді.
Нақтыланған мәліметтерге сәйкес екі қабатты полиуретан желімін өндіретін цехта 250 ш.м. алаңда өрт шыққан.
Өртті сөндіру цехтың өндірістік процесінде айналатын тез тұтанғыш сұйықтықтардың, уытты заттардың жоғары жанғыш жүктемесі болуымен күрделенді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 16:14 72596
"Қазақмыс" шахтасында жұмысшы қаза тапты
Достарға айту
Қазақмыс" компаниялар тобы Шығыс Жезқазған кенішінің "Анненск" шахтасында болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.
Қазақмыс басшылығы мен ұжымы, марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 15:18 72331
Қарағанды облысында қатты жел салдарынан автобус аударылып қалды
Достарға айту
Қарағанды облысында қатты жел салдарынан автобус аударылып қалды. Полиция қызметкерлері жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қаңтар күні сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау - Ақтау - Теміртау автожолында, Петровка ауылының маңында Ботақара - Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 маршруттық автобус аударылып қалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болды. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған.
Бақытымызға қарай, зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Олардың өтіп бара жатқан көліктермен үйлеріне жетуіне атсалысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 14:56 90736
Алматыда 10 мыңнан астам пәтер мен үй тұрғындары газсыз қалды
Достарға айту
QazaqGaz Aimaq" АҚ 2025 жылғы 16 қаңтарда үшінші тараптардың кәріз құбырларын төсеу үшін жүргізген жер қазу жұмыстары барысында белгісіз тұлғалар QazaqGaz Aimaq-тың орташа қысымды жерасты газ құбырының учаскесіне зақым келтіргенін хабарлайды. Оқиға асфальт жабынын тесу кезінде жеке тұлғалардың біліктілігі жеткіліксіз әрекеттерінің нәтижесінде орын алды, деп хабарлайды QazaqGaz Aimaq.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта "QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы газ құбырының зақымдалған учаскесінің авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел орындауға кірісті.
Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде келесі объектілерге газ беру уақытша тоқтатылады:
- көпқабатты тұрғын үйлердегі 8 048 пәтер;
- жеке сектордағы 2 543 үй;
- 67 коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындар.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, біз жергілікті тұрғындардан жұмыстарды жүргізу уақытында газ крандарын жабуды және іске қосу-жөндеу іс-шаралары аяқталғанға дейін крандарды ашпауды сұраймыз.
Компания сондай-ақ инженерлік коммуникацияларға жақын кез келген жұмыс тек тиісті органдардың рұқсатымен және барлық қажетті қауіпсіздік нормалары мен стандарттарын сақтай отырып жүргізілуі тиіс екенін еске салады.
Құрметті азаматтар, күнделікті өмірде табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ұмытпаңыз. Газдың иісі немесе газдың ағып кетуіне күдік анықталған жағдайда, 104 нөмірі бойынша "QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлаңыз.
Компания қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі түсіністік пен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.02.2025, 15:02Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді 11.02.2025, 15:16 134191Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.02.2025, 10:26 107836Алматыда Тұйық Су шатқалында визит-орталық ашылады12.02.2025, 14:36 1075912024 жылы 19 мыңнан астам адам "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасты12.02.2025, 14:41 107216Қазақстандағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақы бойынша 318 млн теңгеден астам соманы құрайтын берешекті анықтады
24.01.2025, 16:38 136161Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда11.02.2025, 15:02 134666Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді11.02.2025, 15:16 134191Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады24.01.2025, 16:24 133391Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 133081Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті