04.08.2021, 20:52 12450

Елордада қаскөйлер қоқыс жинауға арналған 36 контейнерлерді өртеп жіберді

Кінәлі адам табылды және жасаған іс-әрекеті үшін жауапкершілікке тартылады.
НҰР-СҰЛТАН. 4 ТАМЫЗ - Елордада қаскөйлер қоқыс жинауға арналған 36 контейнерлерді өртеп жіберді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Елордада тұрмыстық қалдықтарды сақтауға арналған контейнерлерді қасақана өртеу жағдайлары бұған дейін де болған. Осы демалыс күндері Есіл ауданында осыған ұқсас жағдай болып, нәтижесінде 36 контейнер өртенді", - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 
30 шілдеде сағат түнгі 3-тен таңғы 5-ке дейінгі кезеңде Есіл ауданында келесі мекенжайлар бойынша контейнерлік алаңдар өртенді: Мәңгілік ел, 23; Ұлы дала 11/1; Түркістан 2; Қонаев 35. Барлығы 36 қоқыс жәшігі жанып кетті, оларды сақтап қалу мүмкін болмады.
 

Бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларда өрттің қасақана жасалғаны көрінеді. Кінәлі адам табылды және жасаған іс-әрекеті үшін жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады әкімдікте.

 
Жанып кеткен контейнерлерді "Clean City NC" ЖШС және "Қоршаған орта және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесі жаңасына ауыстырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны