10.03.2021, 20:15 18035

Нұр-Сұлтанда "Қазақалтын" компаниясынан 1,5 млрд теңге ұрлады деген күдікті ұсталды

Тергеу органымен тергеу аясында залалды өтеуді қамтамасыз ету шаралары қабылдануда.
Нұр-Сұлтан. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Ақмолалық полицейлері "Қазақалтын ТКМК" АҚ 1,5 млрд. теңге ұрлады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылдың 23 ақпанында "Қазақалтын" ТКМК АҚ өкілдері компанияның шотынан 1 млрд 533 млн теңге ұрлау фактісі бойынша полицияға жүгінді.
 
Аталған қылмысты ашу үшін криминалдық полиция және тергеу құрылымдарының тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
 

Іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында екі күдіктіні ұстады, оларға қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 
Тергеу органымен тергеу аясында залалды өтеуді қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2 наурызға қараған түні "Қазақалтыннан" 122 млн теңгенің алтыны ұрланған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны