29.03.2024, 19:49 42911

Қостанай облысында су тасқыны салдарынан шекаралық өткізу пункті жұмысын уақытша тоқтатты

"Желқуар" өткізу пункті уақытша жабылды
Қостанай облысында су тасқыны салдарынан шекаралық өткізу пункті жұмысын уақытша тоқтатты
Қостанай облысында су тасқыны салдарынан шекаралық өткізу пункті жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Шекара қызметі Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты 2024 жылғы 29 наурыздан бастап "Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

Көлік құралдарының жүргізушілеріне және осы аймақта шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздерінің қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны