22.11.2021, 21:15 89171

Семейде екі баланы жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті

Семейде екі баланы жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті
СЕМЕЙ. 22 ҚАРАША - Семей қаласында жаяу жүргіншілер жолағында көлік қаққан екі бала ауруханаға жатқызылды.
 
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Шәкәрім даңғылында болған.
 
 "Toyota" маркалы автокөлікті тізгіндеп келе жатқан 74 жастағы жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында кәмелетке толмаған екі баланы қағып кетті.
 

Соның салдарынан жарақат алған балалар ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны