20.09.2021, 17:06 8727

ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қол алысу кезінде жүргізушілерден пара алды

ӨСКЕМЕН. 20 ҚЫРКҮЙЕК - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көліктік бақылау инспекциясының 11 қызметкерінен тұратын қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қылмыстық схеманы инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырған. Аталған лауазымды тұлғалар өңірдегі жалпы қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алған. Пара сомасы 10 000-нан 50 000 теңгеге дейінгі аралықты құраған, оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде Инспекция қызметкерлеріне беріп отырған. Алынған паралардың күнделікті айналымы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болған", - деп хабарлады ведомствода.

 
Барлығы ақша аударымының 20-дан астам эпизодтары құжатталды.
 

4 адамға қатысты сот "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдады, қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындады және тергеумен белсенді ынтымақтастыққа келді. Қазіргі уақытта Агенттік аталған қылмыстық схеманы жою және осыған ұқсас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын бастады", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны