11.05.2023, 20:52 18161

Шымкентте 18 жүк вагоны аударылып қалды

Шымкентте 18 жүк вагоны аударылып қалды
Сурет: Otyrar.kz Читать: https://www.kt.kz/rus/incidents/v_shymkente_s_relsov_soshli_18_gruzovyh_vagonov_1377949933.html
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Игілік-Бадам темір жолының 3266 шақырымында 18 жүк вагоны аударылып қалды. Бұл вагондар "Шымкент-Арыс" бағытындағы 2489 жүк поезының құрамында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдай бүгін күндізгі сағат 16.37-де орын алған. Аударылған вагондардың 17-сі бос болған. Нәтижесінде әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалып, темір жол төсемінің ішінара зақымданған. Зардап шеккендер жоқ.

Теміржолда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "ҚТЖ ҰК" АҚ (55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы) күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қалалық ТЖД басшылығы мен жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы шықты. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы 77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ" делінген хабарламада.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны