23.08.2023, 14:51 27141

Сырдария өзеніне батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды

Қазіргі таңда 10 жасар қыздың денесін іздеу жұмыстары жалғасуда
Сырдария өзеніне батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды
Сурет: ТЖД
Отырар ауданы Сырдария өзенінде суға батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды. Құтқарушы-сүңгуірлер 2011 жылы дүниеге келген ұл баланың мәйітін судан алып шықты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі таңда 10 жасар қыздың денесін іздеу жұмыстары жалғасуда. Оған барлығы 139 адам, 20 техника, 2 дрон және 9 жүзу құралы жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, іздеу жұмыстары құйындылардың, күшті су асты ағындарының, өзен тереңдігінің күрт өзгеруінің, жағалау аймақтарындағы өсімдіктердің тығыздығымен, сондай-ақ өзен түбінде ағаш бұтақтарының жиналуымен қиындай түскен.

Еске салсақ, 21 тамызда кешкі сағат 6-лар шамасында Отырар ауданы Көксарай ауылынан 3 шақырым жердегі Сырдария өзенінде ағайынды төрт отбасының 11 адамы суға батып кеткені туралы белгілі болды. Оның 8-і кәмелет жасына толмаған балалар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны