19.03.2025, 10:18 56441
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды.
✔️Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша "Бейбітшілік формуласын" әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.09.2025, 18:10 36836
Мемлекет басшысы "Әл-Азһар" университеті Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайнимен кездесті
Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келгеніне ризашылық білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Әл-Азһар" ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына толық сай келетініне, оның бастамалары жалпы адамзат өркениетінің бірлігін нығайта түсетініне тоқталды. Мемлекет басшысының пікірінше, Астанада өтіп жатқан Съезд - Қазақстанның дінаралық келісімді нығайту жолындағы табанды саясатының көрінісі. Ал діни көшбасшылардың басқосуы - жай ғана кездесу емес, нақты шешімдер қабылданатын маңызды платформа.
Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни "Әл-Азһар" университетінің Жоғарғы имамы шейх Ахмет ат-Тайебтің ізгі сәлемін жеткізіп, Съездің әлемде бейбітшілікті орнықтыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2025, 17:08 37056
Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылуында сөз сөйледі
Сурет: Akorda
Мемлекет басшысы бірнеше күннен бері елордада түрлі мәдениет пен өркениет өкілдері бас қосып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Меймандарымыздың діні мен ділі бөлек болса да, тілегі мен ниеті бір екені сөзсіз. Съездің қорытынды Декларациясы - соның айқын дәлелі. Құжатта ортақ идеялар мен ұсыныстар көрініс тапты. Жалпы, форумның түпкі мәні де - осы. Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық. Ең бастысы, дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын екенін көрсетті, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, шын мәнінде, салмақты және сындарлы диалог - нағыз даналықтың көрінісі.
- Сіздер бүкіл әлемге көрегендік пен парасаттылықтың үлгісін көрсетіп отырсыздар. Геосаяси тұрақсыздық белең алған күрделі кезде мұның мән-маңызы айрықша. Форум бүгінде діндер мен мәдениеттер арасындағы ықпалдастықты дамытудың, барша адамзаттың жарқын болашағы үшін ынтымақтастықты нығайтудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пленарлық және секциялық отырыстарда, діни орындар мен нышандарды қорғау бойынша арнайы сессияларда, сарапшылар дөңгелек үстелінде және жас діни көшбасшылар форумында көптеген құнды идея мен ұсыныс айтылды. Сіздер деструктивті ағымдар мен зорлық-зомбылықты қатаң айыптап, қазіргі дағдарыстарды реттеу мүмкіндіктерін қарастырдыңыздар, әлеуметтік теңсіздікті еңсеру мен инклюзивті қоғам құру жолдарын талқыладыңыздар. Экология, орнықты даму, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектінің адам өміріне әсері мәселелеріне ерекше мән берілді. Съездің ашылуында сөйлеген сөзімде діни дипломатияның халықаралық аренадағы диалог пен сенімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтқан едім. Сіздердің де бұл ұстаныммен келісетіндеріңіз қуантады, - деді Мемлекет басшысы.
Президент жаһанда түбегейлі өзгерістер орын алып жатқан кезеңде дін көшбасшылары барша халыққа адамгершілік қасиеттер мен гуманистік құндылықтардың шамшырағы болуға тиіс деп санайды.
- Екі күн ішінде сіздер Съезд жұмысының басты бағыттары мен келешек күн тәртібі туралы ортақ ұйғарымға келдіңіздер. Ол бірлескен қорытынды Декларацияда көрініс табады. Барлық форум қатысушыларын, сондай-ақ Ізгі ниет елшілерін осы Декларацияның идеяларын белсенді насихаттауға шақырамын. Сіздердің климат өзгерістерімен күрестегі дін басшыларының рөлі туралы құжат әзірлеу, сондай-ақ дін және гуманизм тұрғысынан жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдаланудың жалпыға бірдей қағидаттарын қалыптастыру туралы Съезд Хатшылығына берген ұсынымдарыңызды толық қолдаймын. БҰҰ Өркениеттер альянсының сессиясын айрықша атап өткім келеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы тарихи ескерткіштерді, мәдени әралуандықты және адамзаттың рухани мұрасын сақтау үшін діни нысандарды қорғау өте өзекті екенін жеткізді.
- Қазақстанда мұндай іс-шараларды өткізу Орталық Азия аймағында аталған мәселе үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. Жас діни көшбасшылар форумы өскелең ұрпақтың сабақтастықты сақтауға, диалог пен өзара түсіністік жолын жалғауға ұмтылатынын байқатты. Яғни әлемнің келешегі бар деген сөз. Сарапшылардың дөңгелек үстелі рухани дипломатияның әлеуетін кеңінен түсінуде ғылым мен діни ілім синергиясы маңызды екенін танытты. Бұл бағытты халықаралық ынтымақтастықтың құрамдас бөлігі ретінде күшейту қажет деп санаймын. Съезде дін көшбасшыларының бейбіт қатар өмір сүруге шақырып, бейтарап, саяси реңк бермей, ортақ үн қату идеясы талқыланды. Осы арқылы жаңа, анағұрлым орнықты әрі әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруға елеулі үлес қосуға болады, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан барлық деңгейдегі дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайтынын және Съездің жаһандық пікірталас алаңы ретінде ықпалын арттыруға тырысатынын атап өтті.
- Біз Съезд Хатшылығының БҰҰ институттарымен және басқа да құрылымдармен серіктестік желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Съезд идеяларын ілгерілету үшін бірқатар іс-шара ұйымдастырылады. Оған халықаралық серіктестеріміз, жастар, сарапшылар, волонтерлік ұйымдар қатысады. Бейбітшілік - ең басты байлығымыз. Бұл - барша елдерге, халықтар мен діндерге ортақ аса маңызды құндылық. Шын мәнінде, татулық пен тұрақтылық баянды болашақтың мызғымас кепілі саналады. Сіздер осы жолда аянбай еңбек етіп жүрсіздер. Бүгінгі басқосуды соның жарқын көрінісі болды деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, Съезд табысты өтті. Баршаңызға зор алғысымды айтамын. Игі мақсат жолындағы ынтымағымыз одан әрі нығая береді деп ойлаймын, - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2025, 16:46 36626
Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты
Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Бішкек қаласында (Қырғызстан) Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуіне және ТМҰ мүше мемлекеттердің үкіметтері басшыларыныңвице-президентінің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қырғыз Республикасының Президентімен ұжымдық кездесу барысында өңірлік интеграцияны, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану және тағы да басқа мәселелерге назар аударылды.
ТМҰ елдерінің үкімет басшылары мен вице-президентінің кездесуіне Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Идаят оғлы Асадов, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев қатысты.
Қатысушылар экономика, сауда, инвестициялар, көлік, цифрландыру, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимыл туралы пікір алмасты. Ұйым шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тетіктерді жетілдіру мәселелері талқыланды.
Қазақстан Премьер-министрі өз сөзінде мемлекеттер басшыларының сындарлы саясаты Ұйымның стратегиялық негізін қалауға бағытталған маңызды бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Түркі мемлекеттерінің ұйымы қысқа уақыт ішінде беделді құрылымға айналды және өзінің әлем алдындағы мәртебесін көтерді. Бүгінгі кездесу нәтижелері түркі мемлекеттері арасындағы бауырластық және серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі дамуына тың серпін беріп, халықтарымыздың мүддесіне қызмет етеді деп сенемін", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жиында Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағы, Түркі инвестициялық қоры, Үйлестіру комитеті, "Жасыл" қаржы жөніндегі кеңес және тағы да басқа осы сияқты институттардың қызметін тиімді пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді.
Көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға, кедендік рәсімдерді цифрландыру қарқынын жеделдетуге және порттар мен темір жолдарды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының инфрақұрылымын жаңғыртуға баса назар аударылды.
Сонымен қатар ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы өзара іс-қимылдың, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және тағы да басқалары бойынша бірлескен зерттеу орталықтарын құру жайы сөз болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.09.2025, 18:56 42406
Мемлекет басшысы БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті
Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Омар Хабтур әл-Дарей әлемдегі рухани ахуал мәселелері жөнінде пікір алмасып, дінаралық диалогты дамытудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ түрлі конфессиялар арасында өзара түсіністік пен үйлесімді нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігердің өзектілігіне тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.09.2025, 18:34 42661
Мемлекет басшысы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазадені қабылдады
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазадемен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент дінаралық диалогты ілгерілету, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту мәселелерінде Қазақстан мен Әзербайжанның ұстанымдары ортақ екеніне тоқталды.
Мемлекет басшысы дінаралық түсіністікке септігін тигізетін өзара ықпалдастық екі елдің ұзақмерзімді серіктестігін бекіте түсетініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.09.2025, 17:17 42836
Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІI съезіне қатысып жатқан Қытай делегациясымен кездесті
Сурет: Akorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік даошылар федерациясының төрағасы Ли Гуанфу, Қытай буддашылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Цзин Бо және ҚХР Дін істері жөніндегі бас басқармасының әкімшілік департаменті бастығының орынбасары Сунь Вэй бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент жаһандық өркениетаралық диалогты дамытуда Қытайдың сындарлы рөл атқаратынын, сондай-ақ бұған Төраға Си Цзиньпин зор үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы бейбітшілік пен үйлесім идеясын ілгерілетуде будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты. Сонымен қатар екі елдің дін ісіне жауапты мемлекеттік органдары арасындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жұмыс Қазақстан мен Қытайдың мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайтуға, өзара сенімді дамытуға, бейбітшілік пен келісімнің ортақ құндылықтарын дәріптеуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.09.2025, 16:59 43056
Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Анхель Моратиносты Біріккен Ұлттар Ұйымының ислам фобиясымен күрес жөніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы еліміз өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы өзара түсіністік пен құрметті ілгерілетудің негізгі алаңы саналатын БҰҰ Өркениеттер альянсымен ынтымақтастыққа баса мән беретінін жеткізді.
Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізуге тұрақты қолдау білдіріп келе жатқан, сондай-ақ форум аясында Қазақстан тарапымен бірлесіп діни нысандарды қорғау мәселелесі бойынша арнайы сессия ұйымдастырған Альянстың қызметін жоғары бағалады.
БҰҰ Бас хатшысының жоғары өкілі Қазақстанда жүзеге асырылған реформалардың маңызын атап өтіп, Съезд қорытындысы бейбітшілікті, келісім мен дінаралық диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Анхель Моратиносты дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын иеленуімен құттықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.09.2025, 16:22 43286
Мемлекет басшысы Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархына ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты. Президент Патриархтың жарқын үндеуі мен мазмұнды ұсыныстары Астана дінаралық форумының рөлін нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент қазіргі заманда дін айрықша рөл атқаратынына тоқталып, бейбітшілікті сақтау және дінаралық қарым-қатынас мәдениетін ілгерілетуде дін қайраткерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы православ діні Қазақстанның рухани өмірінде маңызды орын алатынын атап өтіп, оның ағартушылық, бітімгерлік және қоғамдық миссиясының құндылығына назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.09.2025, 21:42Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты 18.09.2025, 09:51 84811Еңбек министрлігі АӘК-ті проактивті тағайындауда ЖИ-ні қолданады18.09.2025, 13:15 84496Қазақстан жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделін бекітті18.09.2025, 19:12 84266Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты18.09.2025, 19:55 84001Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
10.09.2025, 17:21 135526Жеті жеңіл ұшақтың ұшуы тоқтатылды10.09.2025, 19:18 135156Қарағанды жэо-3-те жаңа энергия блогының құрылысы басталды29.08.2025, 18:46 120176Алматыда Қазақстандағы алғашқы энергетикалық қалдықтарды кәдеге жарату зауыты салынады29.08.2025, 13:28 119096Алматылықтарды алаңдатқан Есентайдағы судың түсіне қатысты министрлік не дейді04.09.2025, 16:04 117631Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды