29.05.2026, 14:51 114996
Қазақстан Шаңхайда туристік әлеуетін таныстырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Шаңхай қаласында ITB China 2026 халықаралық туристік көрмесі өтті. Аталған көрмеде Қазақстан Республикасының екі басты қаласы - Астана мен Алматы таныстырылды. Қазақстан павильоны ITB көрмесінің орталық бөлігінде орналасып, оған Қазақстанның 17 туроператоры, сондай-ақ Air Astana және Fly Arystan әуе компаниялары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Алматы қаласының әкімдігі халықаралық және Қытай нарығында оңтүстік мегаполистің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған "Алматының Шаңхайдағы туризм күнін" ұйымдастырды.
Қазақстанның Шаңхайдағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров Алматының бүгінгі таңда Қазақстанның ең ірі мегаполисі ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы заманауи туристік, мәдени және іскерлік орталыққа айналғанын атап өтті.
Бас консул Қытай нарығымен ынтымақтастықты күшейтуін маңыздылығына тоқталды. 2023 жылғы қарашада екі ел арасында өзара визасыз режимнің енгізілуінен және 2026 жылғы наурызда Air Astana әуе компаниясының Алматы - Шаңхай тікелей рейсінің ашылуынан кейін Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік байланыстарды нығайтудың зор әлеуеті бар екеніне сенім білдіріп, қытайлық серіктестерді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге шақырды.
Шаңхай қаласының орталығында өткен би флешмобы ITB China 2026 көрмесіндегі Қазақстан қатысуының басты ерекшелігіне айналып, халықаралық аудиторияның назарын аударуға және Қазақстанның заманауи әрі серпінді бейнесін қалыптастыруға көмектесті.
ITB China 2026 - ұлттық туроператорлар, әуе компаниялары, қонақүй желілері және туристік индустрия өкілдері бас қосатын ірі B2B туристік көрме болып табылады. Биыл Шанхайда өткен халықаралық туристік биржа жұмысына әлемнің 80 елінен туроператорлар қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.06.2026, 19:49 4646
Қазақстан Иллинойс штатымен іскерлік байланыстарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Иллинойс штатына жұмыс сапары аясында ҚР-дың Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың іскер топтарының өкілдерін біріктірген Central Asia Business Expo Chicago 2026 (CABXPO) халықаралық бизнес-форумына қатысты. Аталған форум сауда, инвестициялар, инновациялар және халықаралық кәсіпкерлік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында логистика, қаржылық және заңгерлік қызметтер, цифрлық технологиялар, консалтинг және басқа да салаларда АҚШ-та табысты қызмет атқарып жүрген қазақстандық кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Отандық кәсіпкерлер Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып, іскерлік байланыстарды дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға ықпал етуде.
Форум аясында ҚР-дың Бас консулы Р.Тлеулин Иллинойс штатының мемлекеттік және іскерлік құрылымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Олардың қатарында Иллинойс штатының Қаржы бақылаушысы С.Мендоза, Иллинойс штатының Сауда және инвестициялар жөніндегі кеңсесінің директоры М.Маркопулос, World Business Chicago ұйымының бизнесті дамыту жөніндегі атқарушы вице-президенті Д.Андухар-Редман және америкалық іскер топтардың өзге де өкілдері болды.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, америкалық компанияларды Қазақстандағы жобаларды іске асыруға тарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстан мен Иллинойс штаты арасындағы өңіраралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Өткізілген кездесулер жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік беріп, сауда, инвестициялар, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, логистика, цифрлық технологиялар және инновациялар салаларындағы әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделілікті растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 19:27 4851
Италияда Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Римде "Қазақстандағы конституциялық реформалар" атты тақырыпта еліміздегі саяси және экономикалық өзгерістерге арналған семинар өтті. Италияның Азияны зерттеу институты ұйымдастырған іс-шараға Италия Парламентінің депутаттары, Сыртқы істер министрлігі басшылығының өкілдері, сарапшылар, журналистер, дипломаттар мен студенттер қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шарада Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев сөз сөйлеп, қатысушыларға жаңа Конституцияның негізгі қырлары мен елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Елші осы жылғы 1 шілдеден бастап жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Халық Конституциясы ресми түрде күшіне енетінін атап өтті. Осылайша, еліміз өз дамуының сапалы жаңа кезеңіне қадам басады.
Жаңа Конституция Қазақстанның саяси өмірінде түбегейлі өзгерістерді көздейді, елді жасанды интеллект дәуірінің талаптарына бейімдейді. Конституциялық реформаның маңызды ерекшелігі - бір палаталы Парламентке көшу. Заң шығарушы биліктің құрылымын кең ауқымды трансформациялау бюрократиялық кедергілерді жоюға және шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге бағытталған", - деп атап өтті Е.Сембаев.
Қазақстандық дипломат сондай-ақ елдің қазіргі даму кезеңі нақты реформалардан экономика мен мемлекеттік басқарудың жүйелі жаңғыруына өтуімен сипатталатынын айтты. Осы саясаттың ортасында - болжамды іскерлік ортаны қалыптастыру, инвесторлардың құқықтарын қорғау, шикізаттық емес секторларды дамыту және халықаралық экономикалық серіктестікті тереңдету жатыр. Осы тұрғыда Италия Қазақстан үшін маңызды серіктес.
Итальяндық бизнес өнеркәсіпте, инженерияда, логистикада, өңдеу технологияларында және өндірістік шешімдерді дамытуда мықты орындарға ие. Біз мұнайгазхимия, көлік дәліздері, ауыл шаруашылығы, индустриялық ынтымақтастық, тұрақты жеткізу тізбектері, сирек жер металдары және энергетикалық ауысумен байланысты заманауи шешімдер сияқты бағыттарда Қазақстан-Италия ынтымақтастығын одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеует көріп отырмыз", - деді Е.Сембаев.
Қазақстандағы реформаларға қатысты өз ойларымен Италия Сенатының депутаты Антонио Тревизи, Орталық Азиямен байланыс жөніндегі Еуропалық парламент делегациясының төрайымы Джузи Принчи, Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігіндегі "Италия - Орталық Азия" министрлік кездесуінің үйлестірушісі Федерико Фаилла, Италияның Азияны зерттеу институтының президенті Марио Моргони, "CFive - Astana" талдау орталығының президенті Сапарғали Шалғымбаев және басқалар бөлісті. Спикерлердің пікірінше, Қазақстандағы реформалар мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырды. Бүгінгі таңда Қазақстанның шетелдік серіктестердің алдындағы басты құндылығы - бұл болжамдылық, тұрақты даму және институционалдық тұрақтылық. Тәуелсіз институттардың болуы және түсінікті ережелер елді шетелдік инвесторлар мен халықаралық серіктестер үшін тартымды етеді.
Сенатор А.Тревизи атап өткендей, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың ең маңызды қыры - өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жаңғырту. Осы тұрғыда "Made in Italy" технологиялары Қазақстанда жоғары бағаланады. Заманауи жабдықтар мен инновациялар Қазақстан өнеркәсібін нығайтуға және тиімді логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ете алады.
Өз кезегінде, Орталық Азиямен байланыс жөніндегі Еуропалық парламент делегациясының төрайымы Дж.Принчи ЕО-ның Қазақстанмен сауда, инвестициялар, маңызды табиғи ресурстар, энергетикалық қауіпсіздік, "жасыл" экономика сияқты салалардағы табысты серіктестік тұрғысында елде жүргізіліп жатқан реформаларды мұқият бақылап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және елдің саяси және экономикалық жүйелерін жаңғырту мақсатында кешенді институционалдық және конституциялық өзгерістер жолына түсті.
Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі жанындағы "Италия - Орталық Азия" министрлік кездесуінің үйлестірушісі Ф.Фаилла Қазақстандағы конституциялық реформалар елдің қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделуінің көрсеткіші және оның белсенді өсуінің айғағы екендігін атап өтті.
Италияның Азияны зерттеу институтының президенті М.Моргонидің пікірінше, Қазақстанның ауқымды және өршіл реформаларды жүргізу тәжірибесі қызығушылық тудырады және құрметке лайық, себебі олар өз даму моделін өз бетінше іздеп, біртіндеп заманауи демократиялық институттарды дамытып жатқан күрделі көпұлтты елде жүзеге асырылып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 18:40 7446
Варшава университетінде Түрік халықтары мәдениеті орталығы ашылды
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Варшава университетінде Түркі халықтарының мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл жаңа академиялық алаң түркі әлемінің тарихын, тілдері мен мәдениетін зерделеуге жәрдемдесуге бағытталған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Орталық Варшава университетінің Азия және Африка мәдениеттері факультетінің бастамасымен, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының және Польшада аккредиттелген түркітілдес мемлекеттер елшіліктерінің қолдауымен құрылды.
Іс-шарада Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Раимқұлова құттықтау сөз сөйлеп, жаңа құрылымның түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми, білім беру және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызын атап өтті.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Елшілігінің өкілі Орталықтың құрылуы академиялық зерттеулерді дамытуға, мәдениетаралық диалогты кеңейтуге және Польша мен түркі мемлекеттері арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Достық пен мәдени ынтымақтастықтың белгісі ретінде Елшілік Орталыққа қазақ халқының қонақжайлылық, береке мен ұлттық дәстүрлерге құрметінің нышаны саналатын дәстүрлі қазақ кәдесыйы - торсықты сыйға тартты.
Салтанатты рәсімге Варшава университетінің оқытушылары мен зерттеушілері, студенттер, сондай-ақ Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 18:27 7726
Қазақстан мен Түрікменстан консулдық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ашғабатта Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Сыртқы істер министрліктері арасында кезекті консулдық консультациялар өтті. Аталған іс-шараға екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ведомстволарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, ал түрікмен тарапын Түрікменстан СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Довлетмурат Муратов басқарды.
Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы консулдық саладағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, дәстүрлі достық қатынастарға, өзара сенімге, стратегиялық серіктестікке және халықаралық құқық қағидаттарына негізделген байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.
Консультациялар аясында дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын бірқатар консулдық мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады. Атап айтқанда, көші-қон, халықаралық конвенциялар шеңберіндегі құқықтық өзара іс-қимыл, азаматтардың құқықтарын қорғау, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және екіжақты ынтымақтастықтың өзге де өзекті аспектілері қарастырылды.
Осы тұрғыда тараптар мемлекеттік қызметтерді заманауи технологиялар арқылы жетілдіру, азаматтарға көрсетілетін консулдық көмектің тиімділігін арттыру және екі елдің мемлекеттік құрылымдарының өзара іс-қимылын жеделдету мәселелері бойынша пікір алмасты.
Консультациялар қорытындысы бойынша делегация басшылары Хаттамаға қол қойып, келіссөздердің сындарлы әрі мазмұнды өткенін атап өтті. Сонымен қатар консулдық қатынастардың барлық бағыты бойынша ақпаратты тұрақты түрде алмасуды жалғастыруға уағдаласты.
Сондай-ақ тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады және келесі консулдық консультациялар раундын Астанада өткізу ниетін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 18:13 8261
ЖИ саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңдарында талқыланды
Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 23 мыңнан аса компания тіркелді
Достарға айту
XXIX Петербург Халықаралық экономикалық форумының алаңдарында "Өнеркәсіптік трансформация және жасанды интеллект: Ресей мен Қазақстандағы бизнестің тиімділігі мен тұрақтылығын арттырудың жаңа мүмкіндіктері" тақырыбында бизнес-диалог өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ұйымдастырды.
Пікірталасқа мемлекеттік органдардың, іскерлік және сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері, екі елдің кәсіпкерлері қатысты.
Кездесуді аша отырып, оның модераторы, "Russian Business Guide" журналының бас редакторы Мария Суворовская Ресей мен Қазақстан нарығында жұмыс істейтін компаниялар үшін цифрлық құралдар мен шешімдерді, сондай-ақ жасанды интеллектті енгізу бірден бірнеше маңызды бағыттар: өнеркәсіпті жаңғырту, инновацияларды дамыту, позицияларды, соның ішінде, халықаралық нарықтарда нығайту үшін жағдай жасайтынын атап өтті.
Осы тұрғыда Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің Ресей бөлімінің төрағасы Наталья Крючкова екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айрықша ерекшелігіне назар аударды. Оның байқауы бойынша, Қазақстанмен өзара іс-қимыл локализация мен қатысу үрдісінің арқасында одан әрі тереңдей түсуде. Ол соңғы мәліметтер бойынша республикада росс капиталдың қатысуымен 23 мыңнан астам компания тіркелгенін айтып өтті - бұл қарым-қатынастың ұзақ мерзімді сипатта дамып жатқандығының жарқын мысалы.
Өз тарапынан ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев еліміздегі цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы туралы баяндады. Оның айтуынша, цифрлық қызметтердің даму деңгейі бойынша республика Online Services Index рейтингінде 10-шы және ТМД бойынша 1-ші орында. Бұл Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымы өзінің тиімділігін дәлелдегенін, халықаралық деңгейде танылғанын растайды және оны дамыту тәжірибесі пайдалы болуы мүмкін, - деп түйіндеді ол.
KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловтың бағалауы бойынша Ресеймен арадағы ынтымақтастық әлеуеті әлі де толық көлемде пайдаланылмай отыр. Ол ресейлік инвесторларды белсенді бірлескен жұмысқа шақырып, ұсынылатын жеңілдіктер мен преференциялардың ішінен салықтан босату мен үшінші елдердің нарығына шығарылатын экспорттық тауарлардың логистикасын субсидиялау шараларын атап көрсетті.
Тақырыпты "ЕвроХим" компаниясының бас директоры Игорь Ахмеров жалғастырды. Ол Қазақстанда жұмыс істеу жалпы алғанда жеңіл әрі жайлы екенін мойындап, бұл - қызметті жүзеге асыру үшін жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуда икемділік танытып отырған қуатты мемлекет, - деп атап өтті.
Өз кезегінде, "Сбербанк" ЖАҚ аға вице-президенті, Корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры Владимир Ситнов банк саласында жасанды интеллектті енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Росхим" АҚ маркетинг жөніндегі директоры Елена Дмитриева Қазақстан мен Ресейдің шикізат материалдарының ауқымды қоры бар екенін еске салды. "Біздің міндетіміз - елдеріміздің технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін және қосылған құнды арттыратын жаңа өнімдерді әзірлеп, нарыққа шығару үшін жасанды интеллектіні қолдана отырып, берік негіз жасау, - деді ол.
Кездесуді қорытындылай келе, оның қатысушылары қазіргі заман талабы озық цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізудің жаңа тәсілдерін қажет ететінін атап өтті. Олардың пікірінше, технологиялық трансформация жағдайында екі елдің мүддесі үшін бизнестің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында табысты өзара іс-қимыл ерекше рөл атқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 17:34 9991
Қазақстан Елшісі Конго Республикасының Президентіне Сенім грамоталарын тапсырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы қоса атқарушы Елшісі Жан Ғалиев Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне орай Халық Сарайында Президент Дени Сассу-Нгессоның қабылдауында болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен сәлемін жеткізіп, "Астана Браззавильмен өзара қызығушылық тудыратын басым бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты прагматизм қағидаттарына сүйене отырып одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге бейіл" екенін жеткізді.
Конго Республикасының Президенті Қазақстан Басшысына ізгі тілектерін жолдап, Қ.Тоқаевпен достық әрі сенімді қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және оның халықаралық аренадағы белсенді қызметіне үлкен құрметпен қарайтынын атап өтті.
Өткен кездесулерімізді әрдайым ыстық ықыласпен еске аламын. Елімізбен арадағы келешегі кемел ынтымақтастықты дамытуға ұдайы назар аударып келе жатқан қадірлі әріптесім әрі досыма шынайы ризашылығымды білдіремін", - деп атап өтті Д.Сассу-Нгессо. Ол сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Африка құрлығындағы дипломатиялық өкілдігін нығайтып, оны одан әрі кеңейту жөніндегі шешімінің көрегендігі мен сындарлы сипатын жоғары бағалады.
Конго Республикасы үшін Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллект, телекоммуникациялар, энергетика, көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қаржылық технологиялар мен банк ісі саласындағы тәжірибесі мен әзірлемелері ерекше қызығушылық тудырады. Браззавиль бүкіл Орталық Африка аймағы үшін қазақстандық астық пен тыңайтқыштарды импорттау мүмкіндіктерін зерделеуде. Сондай-ақ конголық жастарды Қазақстанның білім беру мекемелеріне оқуға жіберу туралы тілек білдірілді.
Тараптар екі елдің стратегиялық маңызды географиялық орналасуға ие екендігі және орталық хабтар болып табылатындығы, оларды Орта дәліз бен Пуэнт-Нуар теңіз порты арқылы байланыстыру сауда-экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте алады деген ортақ пікірде болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 12:00 20451
Дубайда "Орталық Азия назарда: Қазақстан және Қырғызстан" атты іс-шара өтті
Орталық Азия өңірінің әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі ретіндегі маңызы атап өтілді
Достарға айту
Дубай қаласындағы Eurasia Gulf Club алаңында "Central Asia Focus: Kazakhstan and Kyrgyzstan" атты іс-шара өтіп, оған бизнес қауымдастық, инвестициялық орта, дипломатиялық корпус және халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Дубай қаласы мен Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Алмаз Тасболат және БАЭ Сыртқы істер министрінің кеңесшісі әрі БАЭ-нің Қасиетті Тақ (Ватикан) жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Омар Сайф Ғобаш қатысты.
Сөз сөйлеу барысында Орталық Азия өңірінің әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі ретіндегі рөлі атап өтіліп, өңір мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту, цифрлық экономика мен жасанды интеллектіні дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы мен жаңартылатын энергия көздері салаларындағы жетістіктер туралы ақпарат ұсынылды.
Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуына ерекше назар аударылды. БАЭ Қазақстанның ірі шетелдік инвесторларының бірі екені және БАӘ-ден тартылған тікелей инвестициялар көлемі 1,6 млрд АҚШ долларына жеткені атап өтілді.
Іс-шара соңында Дубайдың бизнес қауымдастығы өкілдері Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен тереңірек танысуға және Орталық Азия елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге шақырылды.
Аталған іс-шара Қазақстанның экономикалық мүдделерін ілгерілетуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға және Қазақстан, БАӘ мен Орталық Азия елдері арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 11:33 22181
Қазақстан мен Кипр бизнес байланыстарын нығайтуға ниетті
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Астанада Қазақстан-Кипр бизнес-форумы өтіп, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Форумға ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов, Кипр Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ставрос Ставру, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарушы директоры Әсел Суанкулова және екі елдің бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Ғабидулла Оспанқұлов Қазақстанда кипрлік капиталы бар 400-ден аса компания жұмыс жасап жатқанын, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, көлік және логистика, цифрландыру мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық әлеуетіне тоқталды.
Өз кезегінде Әсел Суанкулова Қазақстанның инвестициялық климатының артықшылықтары мен инвесторларды қолдау тетіктерін таныстырды.
Форум аясында инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылып, бірқатар екіжақты кездесулер өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.06.2026, 11:33Қазақстан мен Кипр бизнес байланыстарын нығайтуға ниетті 04.06.2026, 12:00 19266Дубайда "Орталық Азия назарда: Қазақстан және Қырғызстан" атты іс-шара өтті04.06.2026, 17:34 8806Қазақстан Елшісі Конго Республикасының Президентіне Сенім грамоталарын тапсырды04.06.2026, 18:13 7076ЖИ саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңдарында талқыланды04.06.2026, 18:27 6541Қазақстан мен Түрікменстан консулдық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
29.05.2026, 20:02 115341Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті29.05.2026, 14:51 114986Қазақстан Шаңхайда туристік әлеуетін таныстырды29.05.2026, 20:26 114516Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды29.05.2026, 21:20 114226Қазақстан мен Еуропалық Одақ әріптестікті тереңдетудің жаңа стратегиялық мақсаттарын айқындады29.05.2026, 19:59 113786Қазақстан мен Ресей биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық консультациялар өткізді
13.05.2026, 07:10 289221Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 276931Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 247226Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243361Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 242741Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

