18.01.2024, 17:29 37896

Алматыда 1050 орындық жаңа колледж ғимараты мен 120 орындық жатақхана салынады

Оқу орнының жобалық қуаты 30%-дан асады
Алматыда 1050 орындық жаңа колледж ғимараты мен 120 орындық жатақхана салынады
Сурет: gov.kz
2024 жылы Алматының Түрксіб ауданында 1050 орындық жаңа колледж ғимараты мен 120 орындық жатақхана салынады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Оқу орнының жобалық қуаты 30%-дан асады. 2024 жылдың маусым айында Алматының Түрксіб ауданындағы Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің қолданыстағы ғимараттарын бұзып, жаңа корпусының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Бүгінде колледж ғимараты Алматы құрылыс басқармасының баласына берілді. Заветная, 41 көшесіндегі ескі колледж ғимаратын бұзып, жаңасын салу көзделген, соның арқасында жобалық қуаты 700-ден 1050 орынға дейін артады.

Әрі колледж студенттері үшін 120 орындық жаңа жатақхана салынады. Оқу корпусы мен жатақхананың құрылысы биыл аяқталады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны