14.06.2024, 17:32 44631

Астаналық шахматшы Үндістанда әлем чемпионы атанды

Астаналық шахматшы Үндістанда әлем чемпионы атанды
20 жастағы елордалық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек шахматтан әлем чемпионы атанды. Ол 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships - 2024 әлем чемпионатында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Соңғы турда Нөгербек өзінің тікелей қарсыласы Армениядан барған Мамикон Гарибянды жеңді. 11 турдың қорытындысы бойынша гроссмейстер атағымен бекітілген елордалық шахматшы 8,5 ұпай жинады. Жүлдегерлердің үштігіне Эмин Оганян (Армения) және Лука Будисавлевич (Сербия) кірді. Үнді Гандинагарындағы чемпионатқа әртүрлі елден 123 спортшы қатысты, оның ішінде 13 гроссмейстер мен 28 халықаралық шеберлер бар. Айта кетейік, Алтын медальмен бірге Нөгербек Әлем Кубогына жолдама алды. Қазақстандық шахматшылардың үшеуі ғана осындай жетістікке қол жеткізді, олар - Дармен Сәдуақасов (1998), Динара Сәдуақасова (2016) және Жансая Абдумалик (2017).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны