12.08.2024, 14:09 37721

Қазақстан мен Қытай жаңа халықаралық білім беру бағдарламасын іске қосты

Қазақстан мен Қытай жаңа халықаралық білім беру бағдарламасын іске қосты
Қазақстан мен Қытай жаңа халықаралық білім беру бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметінен.

Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (СБПУ) ҚазҰУ базасындағы филиалы талапкерлерден құжаттар қабылдауда.

Филиал бакалавриат түлектеріне бүгінде өзекті саналатын "Электроника және коммуникациялық технологиялар", "Материалтану және инженерия" және "Компьютерлік ғылымдар мен технологиялар" мамандықтарын меңгеруді ұсынады.

Естеріңізге салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы мамырда Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (СБПУ) Қазақстандағы филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды. Келісім негізінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 12 қазанда ҚХР Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды.

СБПУ техникалық бейіндегі Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Оқу орны Academic Ranking of World Universities 2023 халықаралық рейтингінің топ-200 енсе, THE 2023 рейтингінде топ-600 (317-ші орын) және U.S.NEWS 2023 халықаралық рейтингінде 253-ші орынды иеленеді.

Сонымен қатар филиалда "5G/5.5G коммуникациялық технологиялары" зертханасы ашылды. Заманауи зертхана телекоммуникациялық байланыс жүйелерінің мамандарын оқытуға, жаңа технологияларды игеруге, интернет жылдамдығын жетілдіруге, 6G желісін желісін енгізуге мүмкіндік береді.

Осы жылдың шілде айында ҚазҰУ мен СБПУ бірлескен микроспутниктік ғылыми зерттеулер жүргізу туралы келісімге қол қойды. Жоба ғарышты зерттеуге, білікті мамандарды даярлауға және ортақ спутниктерді дамытуға жол ашады.

Филиалда магистратураның бірінші жылын студенттер Қазақстанда, екінші жылын Қытайда оқиды. Оқуын аяқтаған соң жастар екі жоғары оқу орнының ҚазҰУ мен СБПУ қос дипломын алады. Филиал түлектері халықаралық технологиялық компанияларда жұмыс істей алады. Бүгінде көптеген қытайлық өндірушілер Қазақстанда өкілдіктерін ашуда. Осы ретте ҚазҰУ және СБПУ дипломдары жас мамандарға Huawei және ZTE сынды ҚХР ірі компанияларына жұмысқа орналасу кезінде артықшылықтар мен мүмкіншіліктер мол болмақ.

Оқуға түсушілер кешенді тестілеуден (КТ) өтуі қажет. Грант иегерлері автоматты түрде қабылданады. Грант иеленбеген, бірақ 75 балдан жоғары бал жинаушылар әңгімелесуден өтуге мүмкіндік алады. Филиал студенттеріне қосымша стипендиялар беріледі. Құжаттарды қабылдау уақыты 20 тамызға дейін жалғасады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны