25.10.2021, 19:02 155731

Мемлекеттік қызметтердің 90% электронды форматқа көшті - Мусин

Жаңа енгізілімдердің бірі ХҚКО жұмысының жаңа форматы болып табылады, атап айтқанда - ХҚКО-ға жеке келмей, тек бейне қоңырау арқылы қызметтерді алу, бұл одан әрі ХҚКО-дағы кезекті жеңілдетуге мүмкіндік береді.
НҰР-СҰЛТАН. 25 ҚАЗАН - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәжілістегі "Үкімет сағаты" аясында мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 90%-ы (690 Мемлекеттік қызметтің 624-і) электрондық форматта көрсетіледі. Бұл ретте Министрлік қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді тек eGov порталында және ХҚО-ларда ғана емес, басқа арналар мен платформалар арқылы да алуы үшін шара қабылдап жатыр. Қазақстандықтардың смартфондарды пайдалану көрсеткішінің артуын ескеріп, ЦДИАӨМ артық кедергілер мен қағазбастылықты болдырмай, мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету үшін жаңа сервистерді енгізіп, мемлекеттік қызметтерді азаматтар арасындағы танымал мобильді платформаларға шығарып жатыр.
 

Жаңа енгізілімдердің бірі ХҚКО жұмысының жаңа форматы болып табылады, атап айтқанда - ХҚКО-ға жеке келмей, тек бейне қоңырау арқылы қызметтерді алу, бұл одан әрі ХҚКО-дағы кезекті жеңілдетуге мүмкіндік береді. Автокөлікті тіркеу немесе қайта тіркеу қызметтері банктердің қосымшалары арқылы қолжетімді және клиенттерге мамандандырылған ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. EGov мобильдік қосымшасында құжаттардың 18 түрі электрондық форматта қолжетімді болатын "Цифрлық құжаттар" сервисі іске асырылды. Оларды Қазақстанның барлық ХҚО-да, әуежайда, банктерде, теміржол вокзалдарында және ұялы байланыс операторларына қызмет көрсету бөлімдерінде ұсынуға болады. Қазіргі уақытта "Цифрлық құжаттар" сервисін 5,3 млн қазақстандық пайдаланады", - деді министр.

 
2021 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу 167 561 құрады, онлайн рәсімдеу 36%-ға дейін өсті (63 057 өтінім).
 
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру үшін ЦДИАӨМ жанындағы цифрлық трансформация орталығы өмірлік жағдайларды талдай отырып, жаңа тәсілдерді енгізеді. Олардың қатарында азаматтар үшін проактивті қызмет көрсету, Цифрлық құжаттар мен биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып, мемлекеттік қызметтерді қазақстандықтар арасында танымал банктік қосымшаларға шығару бар.
 
Мусин, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тәсілі өзгергенін атап өтті.
 

Бұрын өтініш беру үшін бірнеше арна болған, шенеуніктер бір-біріне сұраныстарды жібере алмады, сотқа шағым берудің ыңғайсыз жүйесі болған. Қазақстандықтарға инстанциялар арасында жүріп, түрлі құжаттар жинауға тура келді. Жаңадан құрылған "E-Otinish" электрондық өтініштер жүйесі осы мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл күшіне енген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) шеңберінде қаралатын азаматтардың барлық өтініштері үшін бірыңғай ақпараттық жүйе. "Е-Otinish" өтініш барысын қадағалауға және бақылауға және қанағаттанарлықсыз жауап болған жағдайда, мемлекеттік органның жауабына шағымдануға мүмкіндік береді".

 
Мусин, сондай-ақ, қазір ҚР төрт өңірінде (Ақмола, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарында) пилоттық жоба - "ХҚКО" мобильдік қосымшасы тестіленетінін айтты.
 

Көп ұзамай қазақстандықтар "ХҚО" мобильдік қосымшасын пайдалана алады. Қыркүйек айында пилоттық режимде қосымша арқылы қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімі бекітілді. Бірінші кезеңде төрт өңірдегі 24 оператор бейне қоңырау арқылы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсететін болады. Бұл ХҚО жұмысының мүлдем жаңа форматы", – деп атап өтті Бағдат Мусин.

 
Сондай-ақ министр "ХҚО" мобильдік қосымшасы мүмкіндіктерінің мысалдарын келтірді: 
 
- QR төлемін жүргізу, бұл кассаға кезек күту қажеттілігін болдырмайды;
 
- Тұрақты тіркеудің ауысқаны туралы SMS хабарламаның келуі:
 
1) Азаматтарды тіркеу кезінде тұрғын үй иесі өзінің телефонына өзі тіркеген адамның деректерімен хабарлама алады;
 
2) Жазылған азамат тиісті хабарлама алады.
 
Сервис бөгде адамдардың тіркелуін болдырмауға және азаматтарды тіркеуден шығарылғаны туралы ескертуге мүмкіндік береді.
 
Сондай-ақ, ЦДИАӨМ цифрландырудың мультиплатформалық моделіне көшуді жоспарлап отыр. Бұл модель әр түрлі мемлекеттік органдардың 400 ақпараттық жүйесінің шашыраңқылығы мен интеграциясы проблемасын шешуге мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік қызмет саласындағы азаматтардың қажеттіліктеріне қарай бағдарлы жұмыс істеуге әсер етеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны