22.02.2024, 17:24 36711

Оқу-ағарту министрі астанадағы Республикалық физика-математика мектебіне барды

Оқу-ағарту министрі астанадағы Республикалық физика-математика мектебіне барды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Республикалық физика-математика мектебінің Астанадағы филиалына барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Еліміздің бас ұстазы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен, сондай-ақ оқу ордасының ұжымымен кездесу өткізді.

Мектеп базасында iOS-бағдарламалауды оқытатын заманауи зертхана жұмыс істейді. Ол жерде оқитын WRO-2023 және FLL-2023 робототехника олимпиадасының жүлдегерлері министрге өз жобаларын ұсынды. Сабақтарды Apple сертификатталған жаттықтырушылары өткізетінін атап өткен жөн.

Педагогтермен кездесу барысында Ғани Бейсембаев еліміздегі білім беруді дамыту перспективаларына, сондай-ақ ведомство тарапынан қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Министрдің айтуынша, білім беру сапасын арттыруда білікті кадрлар мен менеджерлерді даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

Жарты ғасырлық тарихы бар Республикалық физика-математика мектебі еліміздегі осы бағыттағы білім ошақтарының ішіндегі мықтылардың бірі. Мектеп түлектерінің қатарында: үздік педагогтер, ғалымдар, инженерлер, IT-мамандар бар. Бұл тәжірибені одан әрі дамыту қажет. Біз білім берудегі инновациялық трендтерді қалыптастыруға ықпал ететін жаңа жобаларды қарастырып жатырмыз", - деп атап өтті министр.


Айта кетейік, РФММ елордалық филиалында бүгінде 1500-ге жуық оқушы білім алуда. Осы жылдар ішінде оқушылар беделді халықаралық олимпиадаларда 17 алтын, 11 күміс, 23 қола медаль жеңіп алды. Түлектердің 75% - ы IT және инженерлік мамандықтарды таңдайды және елдіміз бен әлемдегі жетекші университеттерде оқиды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны