Цой: ҚР-да жылу карталарының көмегімен адамдардың шоғырлану орындарын қадағалайтын болады
Министр халықтың иммунопрофилактикасы үшін e-gov mobile "Вакцинация" сервисін, sms-хабарламаларды, жеке кабинетті пайдалану, сондай-ақ "Цифрлық құжаттар" сервисінде вакцинация паспортын енгізу арқылы IT-технологиялардың мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылатынын айтты. Цойдың айтуынша, болашақта вакцинация паспортын қолдану кеңейтіледі.
Вакцинациялау жүргізу туралы деректер электрондық форматта орналастырылады. Бұл вакциналанғандардың санын есепке алуға және вакцинация көлемін жоспарлау және сырқаттанушылықты болжау үшін болашақта халықтың иммундық мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді", - деді министр.
Оның айтуынша, вакцинация паспорты мынадай деректерді қамтиды: адам қандай препараттар алды, қандай дозаларда, қандай күндерде, құжатты талап ету орны бойынша көрсетуге және QR-кодтың көмегімен қолжетімділікті ашуға мүмкіндік береді. Вакцинация паспорты вакцинаның 2 компонентін алғаннан кейін беріледі.
Вакцинация паспортын біріктіру үшін IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. Ал 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап вакцинация паспортын "Ashyq" қосымшасымен біріктіру жүзеге асырылады", - деді Денсаулық сақтау министрі.
Ол сондай-ақ жылу карталарын енгізу туралы айтты.
Вакцинация паспортымен қатар жылу карталары енгізіледі. Бұл телекоммуникациялық деректер базасында пандемия кезеңінде қаланың белсенділігін талдау жүйесі. Жылу карталары тұрғындардың шоғырлану орындарын, шұғыл қызметтерге қоңырау шалу орындарын, облыстық көші-қон ағындарын анықтауға мүмкіндік береді", - деді Цой.
Оның ақпараты бойынша, жылу карталарын пайдалану бойынша пилоттық жоба Алматы қаласында іске асырылуда.
Жылу карталарын пайдалану ведомствоаралық комиссияның (COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК), санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, полиция департаментінің, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық мониторинг, патрульдеу бағыттарын оңтайландыру, төсек қорын жоспарлау, қабылданған шаралардың тиімділігін талдау мақсаттары үшін алынған талдауды пайдалануға тұрақты қол жеткізуі сияқты мүмкіндіктерді ұсынады", - деп атап өтті А.Цой.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.