16.07.2021, 20:27 9441

Талапкерлерге медициналық анықтамалар ЖОО-ға қабылдау кезінде ғана қажет болады - БҒМ

16 шілдеден бастап мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталады.
НҰР-СҰЛТАН. 16 ШІЛДЕ - Талапкерлерге медициналық анықтама ЖОО-ға қабылдау кезінде ғана қажет болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі 16 шілдеден бастап мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталғанын мәлім етті. Ол онлайн форматта қабылданады.
 
Еліміздің көптеген емханаларында талапкерлер медициналық анықтама алу үшін кезекте тұр. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі ресми мәлімдеме жасап, анықтама тек университетке қабылдау кезінде қажет болатынын атап өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
 

Қазір медициналық анықтама алуға ниет білдірушілер саны артқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына құжат тапсыру кезінде анықтама талап етілмейтінін естеріңізге саламыз. Медициналық анықтама тамыз айында басталатын университетке қабылдау кезінде ғана қажет. Яғни оны алатын уақыт әлі бар. Қазіргідей пандемия кезінде өзіңізді және денсаулығыңызды сақтау маңызды", — делінген ведомство хабарламасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны