Екібастұзда 170-тен астам жеке үй жылытудан ажыратылады
Жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады
Сурет: Instagram/ekibastuz_akimdigi
Екібастұз. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы 25 қаңтарда Екібастұз қаласында 5 учаскедегі жылумен жабдықтау желілеріндегі зақымдарды жою бойынша жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.
Барлығы 12 газ-электр дәнекерлеуші, 18 темір ұстасы және 8 инженерлік-техникалық жұмысшы, сондай-ақ 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылатын болады:
- ақаулы учаскені Целинная көшесі, 75-үй бағытында ауыстыру, осыған байланысты сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін 123 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;
- ақаулы учаскені Бұқар жырау көшесі, 291А-үй бағытында ауыстыру, осыған байланысты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін 1 көп қабатты тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;
- ақаулы учаскені Кеншілер-Молодежная көшесі бағытында ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін 20 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;
- ақаулы учаскені Астана көшесі, 34-үй бағытында ауыстыру, осыған байланысты сағат 13.00-ден 17.00-ге дейін 19 жеке тұрғын үйді, 9 заңды тұлғаны жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;
- ақаулы учаскені Бұқар жырау көшесі, 168-үй бағытында ауыстыру, осыған байланысты сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін 11 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда.
Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылумен жабдықтау қалпына келтіріледі.
Кеше Екібастұз әкімі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының орындалу барысын тексерді. Аян Бейсекин Шәкәрім 14 мекенжайындағы нысанға барды, онда диаметрі 273 мм жылу желісін жинақтау жүргізілуде, желілерді ауыстырудың жалпы ұзындығы 400 метрден асады.
Екібастұзда 2022 жылғы 27 қарашада зақымданған жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдай қала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. Апаттың алғашқы сағаттарында жылу желілерінде 70 үзіліс болса, оның 15-і ірі көлемде болған. Тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар мен ауруханалар жылытудан ажыратылды. Технологиялық бұзушылық кезінде қаладағы 689-дан 149 көпқабатты тұрғын үй, сондай-ақ 200-ге жуық жеке үйлер мен 10 мектеп пен балабақша жылумен жабдықтаусыз қалды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Әлеуметтік орталықтардың кейбір балалары мен аурухананың кейбір пациенттерін эвакуациялауға тура келді. Балабақшалар жұмысын тоқтатты, ал оқушылар уақытша қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.