17.06.2022, 14:34 10006

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 17 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 17 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 17 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 17 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 917 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Жаңа жағдайлар тіркелді: Нұр-Сұлтанда - 3, Алматыда - 10, Ақмола облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Павлодар облысында - 1, СҚО - 1, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
 
15 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 
 
17 маусымға КВИ-ден 179 адам (131 КВИ+ және 48 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 41 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 138 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 5 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 517 563 адам, 2-ші компонентпен - 9 296 347 адам вакцинацияланды. 4 669 252 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны