ҚР 20 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирус ауруының өсуі жалғасуда
Сурет: pixabay.com
Қазақстанда өткен тәулікте 15 872 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтанда - 5 050,
Алматыда - 2 025,
Шымкентте - 420,
Ақмола облысында - 750,
Ақтөбе облысында - 459,
Алматы облысында - 432,
Атырау облысында - 568,
ШҚО-да - 542,
Жамбыл облысында - 257,
БҚО-да - 376,
Қарағанды облысында - 2 944,
Қостанай облысында - 402,
Қызылорда облысында - 399,
Маңғыстау облысында - 250,
Павлодар облысында - 710,
СҚО-да - 155,
Түркістан облысында - 133.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 236 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 978 588 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
20 қаңтарға КВИ-ден 110 731 адам (109 183 КВИ+ және 1 548 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда - 8 344 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 102 387 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 299 пациент,
- аса ауыр халде – 88 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 49 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 19 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 105 өлім жағдайы тіркелген. 18 қаңтарда КВИ-ден 8 адам қайтыс болды.
2022 жылдың 18 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 124 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды, 162 адам сауығып кетті.
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 85 052, өлім - 5 245, сауыққандар - 78 259.
Қазақстанда 2022 жылғы 19 қаңтарда I компонентпен 9 093 484 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 655 408 адам вакцинацияланды.
2022 жылдың 19 қаңтарына Pfizer вакцинасымен егілді: бірінші компонентпен - 508 657 адам, екінші компонентпен - 262 263.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Түркістан облысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.