24.02.2022, 17:02 26286

ҚР 24 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: Алматы "сары" аймаққа ауысты

ҚР 24 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: Алматы "сары" аймаққа ауысты
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 24 АҚПАН - 2022 жылғы 23 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 300 730 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 

Қазақстанда өткен тәулікте 566 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 43; 

Алматы қаласында - 158; 

Шымкент қаласында - 6; 

Ақмола облысында - 28; 

Ақтөбе облысында - 6; 

Алматы облысында - 21; 

Атырау облысында - 9; 

ШҚО-да - 36; 

Жамбыл облысында -11; 

БҚО-да - 20; 

Қарағанды облысында - 47; 

Қостанай облысында - 44; 

Қызылорда облысында - 6; 

Маңғыстау облысында - 15; 

Павлодар облысында - 47; 

СҚО-да - 68; 

Түркістан облысында - 1. 

Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 566 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 261 996 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 

24 ақпанға КВИ-ден 26 249 адам (25 174 КВИ+ және 1 075 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 

- стационарларда - 3 326 пациент бар; 

- амбулаториялық деңгейде - 22 923 пациент. 

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 

- ауыр халде – 197 пациент, 

- аса ауыр халде – 88 пациент, 

- ӨЖЖ аппаратында – 77 пациент бар. 

2022 жылғы 23 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар 46 пневмонияның жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды, 66 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 87 983, өлім - 5 333, сауыққандар - 81 575. 

Қазақстанда 2022 жылғы 23 ақпанда I компонентпен 9 367 506 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 961 969 адам вакцинацияланды. 

"Қызыл" аймақта: Солтүстік Қазақстан облыстары. 

"Сары" аймақта: Алматы қ., Қостанай, Павлодар облыстары. 

"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны