25.02.2022, 17:02 25506

ҚР 25 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 523 жаңа COVID-19 жағдайы

ҚР 25 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 523 жаңа COVID-19 жағдайы
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 25 АҚПАН - 2022 жылғы 24 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 301 253 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 

Қазақстанда өткен тәулікте 523 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 32; 

Алматы қаласында - 144; 

Шымкент қаласында - 6; 

Ақмола облысында - 20; 

Ақтөбе облысында - 4; 

Алматы облысында - 48; 

Атырау облысында - 7; 

ШҚО-да - 25; 

Жамбыл облысында - 14; 

БҚО-да - 14; 

Қарағанды облысында - 41; 

Қостанай облысында - 49; 

Қызылорда облысында - 1; 

Маңғыстау облысында - 8; 

Павлодар облысында - 36; 

СҚО-да - 70; 

Түркістан облысында - 4. 

Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 996 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 263 992 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 

25 ақпанға КВИ-ден 24 778 адам (23 689 КВИ+ және 1 089 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде

- стационарларда - 3 054 пациент бар; 

- амбулаториялық деңгейде - 21 724 пациент. 

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 

- ауыр халде – 181 пациент, 

- аса ауыр халде – 89 пациент, 

- ӨЖЖ аппаратында – 76 пациент бар. 

2022 жылғы 24 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар 52 пневмонияның жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 37 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 035, өлім - 5 334, сауыққандар - 81 612. 

Қазақстанда 2022 жылғы 24 ақпанда I компонентпен 9 374 285 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 972 473 адам вакцинацияланды. 

"Сары" аймақта: Алматы қ., Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары. 

"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны