29.03.2021, 16:19 6385

Қазақстанда 29 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 29 НАУРЫЗ - 2021 жылғы 28 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 241 873 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 492 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 241 873. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 33 012 (+415); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 30 034 (+346); 
 
ШҚО–да – 22 800 (+38); 
 
Павлодар облысында – 19 060 (+46); 
 
Атырау облысында – 18 514 (+75); 
 
Қарағанды облысында – 17 471 (+88); 
 
Ақмола облысында – 15 239 (+52); 
 
БҚО-да – 14 876 (+94); 
 
Қостанай облысында – 13 709 (+39); 
 
СҚО–да – 13 001 (+21); 
 
Алматы облысында – 13 110 (+120); 
 
Шымкент қаласында – 6745 (+45); 
 
Жамбыл облысында – 6348 (+19); 
 
Ақтөбе облысында – 5081 (+61); 
 
Түркістан облысында – 4470 (+10); 
 
Маңғыстау облысында - 4396 (+10); 
 
Қызылорда облысында - 4007 (+13).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 788 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 217 168, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
29 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 23 797 адам (21 691 КВИ+ және 2 106 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 8 102 науқас стационарларда, ал 15 695 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 351 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 79 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 43 науқас.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 28 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 3 014 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 27 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 22 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 217 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 433, 682 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 47 645 жетті. 
 
2021 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау және Батыс Қазақстан облыстары орналасқан. "Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары. "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны