28.07.2022, 15:40 7416

Қазақстанда коронавирус ауруының 3 175 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда коронавирус ауруының 3 175 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 28 ШІЛДЕ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 3 175 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 341 265 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
КВИ таратпау жөніндегі ВАК ақпараты бойынша, жаңа жағдайлар тіркелді: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 915, 
 
Алматы қаласында - 767, 
 
Шымкент қаласында - 127, 
 
Ақмола облысында - 104, 
 
Ақтөбе облысында - 47, 
 
Алматы облысында - 92, 
 
Жетісу облысында - 123, 
 
Атырау облысында - 73, 
 
ШҚО-да - 27, 
 
Абай облысында - 48, 
 
Жамбыл облысында - 94, 
 
БҚО-да - 56, 
 
Қарағанды облысында - 355, 
 
Ұлытау облысында - 30, 
 
Қостанай облысында - 59, 
 
Қызылорда облысында - 81, 
 
Маңғыстау облысында - 40, 
 
Павлодар облысында - 66, 
 
СҚО-да - 41, 
 
Түркістан облысында - 30.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 26 шілдеде коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 30 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
28 шілдеге КВИ-ден 22 748 адам (22 556 КВИ+ және 192 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 1 371 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 21 377 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 25 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 14 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 7 пациент бар. 
 
2022 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 781 555 адам, 2-ші компонентпен - 10 512 310 адам вакцинацияланды. 4 999 164 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны